Меню

Страницы

Статья

2025 жылға арналған сот-сараптамалық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың қорытындылары

2025 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу өкілеттіктерін іске асыру аясында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және сот сараптамаларының сапасын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізді.

Бақылау шаралары Қазақстан Республикасының «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылып, лицензиялық талаптардың бұзылуын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ сот процесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды.

Қазақстан Республикасының «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Департаменттің арызы бойынша 2025 жылы төрт сот сарапшысы лицензиясынан айырылды. Бұған негіз болған - сот-сараптама қызметі туралы заңнаманың өрескел немесе күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзылуы, оның ішінде сот сараптамаларын жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу, процестік емес байланыстар жасау, материалдарды толық және объективті зерттемей жүргізу фактілері.

Сонымен қатар, «Высшая палата судебных экспертов» ЖШС лицензиясыз сот-сараптама қызметін көрсеткені үшін 2025 жылғы 21 мамырда сот шешімі бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Жеке сектордағы сараптамалық тәжірибені талдау нәтижесінде сот сараптамаларын жүргізу тәртібін сақтау, сараптамаларды жүргізуге құқығы жоқ тұлғаларды тағайындау, лицензия алушылардың «Тіркелген халықты тіркеу» бірыңғай ақпараттық жүйесінде өлім фактілерін тіркеу кезінде құқық бұзушылықтарға жол беру сияқты жүйелік проблемалардың бары анықталды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне, Республикалық сот сарапшылары палатасына, құқық қорғау және арнайы органдарға сот сараптамаларын лицензиясы жоқ тұлғаларға тағайындау фактілерін болдырмау үшін тиісті хаттар жолданды.

Тұрақты негізде Республикалық сот сарапшылары палатасымен өзара іс-қимыл жүргізу жұмыстары жүргізілуде, оның барысында Палатаның тәртіптік комиссиясы мен Департаменттің лицензиялау комиссиясы лицензия алушыларды заңнамада көзделген жауапкершілікке тарту мәселелерін қарастырады, Палата мүшелері арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Департамент процесстік мерзімдердің сақталмауы, сот сарапшысы этикасының бұзылуы, қайта аттестациядан өтпеу, сондай-ақ өлім фактілерін тіркеу кезінде құқық бұзушылықтар бойынша екі лицензия алушыны лицензиясынан айыруға қатысты сот процесін бастады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында сот-сараптамалық қызметке қол жеткізу рәсімдерін жетілдіру, біліктілік беру механизмдерінің ашықтығын және әкімшілік шешімдердің объективтілігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді.

Құқық қолдану тәжірибесін талдау нәтижесінде Департамент қазіргі уақытта сот процестерінде сараптамаларды тағайындау рәсімдерін жетілдіру, негізсіз бюджет шығынын азайту, сараптамаларды артық тағайындау практикасын қысқарту, лицензия негізінде сот-сараптамалық қызметпен айналысатын тұлғалардың құқықтық мәртебесін айқындау, олардың қызметіне бақылау және жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ цифрландыру процесін реттеу және қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған заңнамалық түзетулерді әзірлеуде және енгізуде.

Қабылданған шаралар лицензиялық талаптардың мүлтіксіз сақталуын, сот сараптамаларының объективтілігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге, заңдылықты және сот-сараптамалық институтқа сенімділікті арттыруға бағытталған.

Департамент мемлекеттік бақылау механизмдерін жетілдіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот-сараптамалық қызметтің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыра береді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 декабря 2025
Дата обновления
24 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы