Меню

Страницы

Статья

«АДАМ, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ ҮШІН ЗАҢҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ»

Биыл еліміз Қазақстан Республикасы Конституциясының
30 жылдығын
атап өтті.

Конституция институттар жүйесі ғана емес, құндылықтар да жүйесі. Конституцияның барлық ережелері бостандық, теңдік, әділеттілік және қоғам мен мемлекеттің өзара үйлесімді іс-қимылының негізгі принциптері мен құндылықтарын бекітеді.

Конституция - бірлік көзі, адам құқықтарының кепілі және жалпы мемлекет тұрақтылығының мызғымас тірегі.

Ата Заңның мерейтойы еліміздегі маңызды саяси оқиға — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауымен
тұспа-тұс келді.

Мемлекет басшысы ел үшін жаңа бағдарларды белгілей келе, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру – дамудың басты қағидаты болуға тиіс екенін өз сөзінде атап өтті.

Қазақстанның саяси және қоғамдық өмірінде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы ерекше маңызға ие. Заң - теңдік пен әділеттіліктің кепілі болса, ал тәртіп - тұрақтылық пен болжамдылықтың негізін құрайтын өзара байланысты элементтерді қамтиды.

Әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекеттілікті нығайту және ең бастысы мемлекеттің ең жоғарғы құндылығы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүргізіліп жатқан жаңа реформалардың негізгі темірқазығы.

Әділет министрлігі мемлекеттің норма шығару процесінің үйлестірушісі бола отырып, құқық үстемдігін бекемдеп, «адамға бағдарланған» заңнаманың тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етеді.

Осы жұмыс шеңберінде және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасына негізделген нормативтік құқықтық актілер жобаларының құқықтық сараптамасын қамтамасыз ету шеңберінде мынадай:

- заң мен сот алдында бәрі тең екендігі (Конституцияның 14-бабы);

- әркімнің Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасы нормаларын сақтауға, басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге деген міндеттілігі (Конституцияның 34-бабы);

- заңнаманы сақтау мақсатына қажетті шамада ғана құқықтар мен бостандықтарды шектеу (Конституцияның 39-бабы) конституциялық қағидаттарын ескереді.

Конституцияның басқа да негізгі ережелерімен қатар, осы аталған іргелі қағидаттар да жоғары маңызға ие.

Бұл – құқықтық сараптама жүргізілген кезде құқықтық қатынастардың барлық субъектілері бірдей құқықтық жағдайда болуы тиіс, ал олардың арасындағы кез келген айырмашылық объективті әрі ақылға қонымды негіздемеге ие болуы тиіс екендігін білдіреді.

Яғни белгілі бір нормаларды енгізген кезде құқықтық мониторинг нәтижелері, сондай-ақ қандай да бір құқық қолдану практикасының қалай қалыптасқандығы және  құқықтық қатынастар субъектілері
мінез-құлқының нақты қабылданған ережелерге іс жүзінде бейімделетіндігі ескеріледі.

Бұл, сайып келгенде, кез келген қабылданған заң ережесі құқықтық тұрғыдан айқын болуы тиіс екенін білдіреді. Яғни заң ережелері түсінікті де айқын тұжырымдалуы тиіс, әрі болжамды болуы  және пропорционалдылық принциптеріне сәйкес келуге тиіс.

Осы тұрғыдан, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан құрылған Конституциялық сот ерекше рөл атқарады. Конституциялық сот өзінің барлық шешімдерінде елдің құқықтық жүйесін дамытудың қажетті контурын анықтайды. Конституциялық бақылау органының құқықтық ұстанымдары нақты істерді қарау нәтижесі ғана емес, сонымен қатар заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, заңнаманы, сондай-ақ құқық қолдану практикасын дамыту үшін де басты бағдар болып отыр.

Тиісінше, құқықтық сараптама барысында негізгі конституциялық қағидаттарға қайшы келетін бастамалардың одан әрі қаралуына жол берілмейді.

Сонымен қатар, тәртіп идеясына сәйкес келмейтін қолданыстағы заңнамадағы артық, қайталанатын немесе қарама-қайшы нормаларды жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Әділет министрлігіне адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігінің тиімді элементі ретінде қызмет ететін адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру жүктелген.

Қазақстан 2025 жылы БҰҰ-да құқық қорғау күн тәртібі бойынша өткен отырыста есептерді ойдағыдай қорғады. Еліміз өзінің халықаралық міндеттемелерін, оның ішінде Әмбебап мерзімді шолуды және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні дәйектілікпен жүзеге асырып келеді.

Халықаралық бастамалар мен ішкі қайта құрулар заң үстемдігі қағидаттарына негізделген біртұтас жүйені құрайды.

«Заң мен тәртіп» - бұл абстрактілі идеология емес, әрбір адам күнделікті өмірде құқықтық көмекке, әділ сот шешіміне қол жеткізуде немесе өз мүлкін кепілдендірілген қорғауда, сондай-ақ ашық атқарушылық іс жүргізу кезінде сезінуге тиіс заңдылық.

Құқық қорғаудың дәстүрлі тетігі заманауи жаңа шешімдерді талап етіп отыр, осыған байланысты Мемлекет басшысы ауқымды цифрландыру жұмысын жүзеге асыруды алға қойды.

Бүгінде цифрландыру тек технологиялық жаңғыру ғана емес, заңдылық пен ашықтықты нығайтудың құралы ретінде де қолданылып, азаматтардың билік өкілдеріне деген жаңа деңгейдегі сенімін қалыптастырып отыр.

Әділет органдары өз қызметінің барлық бағыты бойынша цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізіп келеді.

Цифрландыру көптеген қызметтерді электрондық форматқа көшіру арқылы жағдайды түбегейлі өзгертті. Азаматтар мемлекеттік органдарға өздері бармай-ақ, көптеген қызметтерді тәулік бойы, қашықтан ресімдеу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай цифрлық шешімдерді енгізуге азаматтардың әділет органдарына түскен шағымдарының көптігі себеп болды. Қазіргі уақытта шағымдардың болмауы – жаңа енгізілген шешімдердің тиімділігінің көрсеткіші деп саналады.

Жеке сот орындаушыларының кәсіби қауымдастығымен бірлесе отырып, «атқарушылық іс жүргізу тараптары кабинетін» енгізу маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл жүйе сот шешімдерін орындау процесінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, теріс пайдалану және «көлеңкелі» схемалар қаупін азайтады. Енді атқарушылық іс жүргізу тараптары сот орындаушысының нақты және жоспарланған әрекеттерін онлайн режимде қадағалап, оның әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне келіспеген жағдайда, дер кезінде әрекет ете алады.

Мәселен өткен жылдың тамыз айынан бастап әкімшілік айыппұлдары 20 АЕК-тен аспайтын борышкерлерге «оңайлатылған тәртіппен» орындау тетігі іске қосылды. Мұндай тәртіп робот-сот орындаушы арқылы жүзеге асырылып, сот орындаушысының қызметі үшін ақы төлеуді болдырмайды және азаматтарға шамамен 1,9 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Биыл нотариустардың кәсіби бірлестігі жүргізіп жатқан
«Е-нотариат» жүйесін цифрлық реформалау нотариустар атқарушылық жазба жасаған кезде азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін де қозғады. Енді борышкер «тараптардың жеке кабинеті» арқылы онлайн режимде атқарушылық жазбаға қарсылық білдіре алады немесе қарызы бар екенін мойындай алады. Қазірдің өзінде 1 миллионнан астам азамат атқарушылық жазба жасалғаны туралы хабарлама алып, дер кезінде онлайн-қарсылық білдіре алды.

Электрондық форматта нотариаттық қызметтер көрсету жобасы да өз тиімділігін көрсетті. Әлемнің кез келген түкпірінен биометриялық сәйкестендіру арқылы онлайн сенімхат (мүліктік құқықтарға байланысты сенімхаттардан басқа), некеде болмауы туралы өтініш және жұбайының келісімін ресімдеу мүмкіндігі пайда болды.

Бұдан бөлек, азаматтарға заңгерлік көмектің қолжетімділігін және тиімділігін арттыру үшін «цифрлық көмекші» енгізілді. Азаматтар жалпыға қолжетімді «Әділет» (adilet.zan.kz) платформасында онлайн және тегін құқықтық кеңес ала алады.

Авторлар мен өзге де құқық иелерінің құқықтарын қорғау мәселесі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осыған байланысты авторлық құқықтарды ұжымдық негізде басқаруға арналған бірыңғай цифрлық платформа іске қосылуға дайындалуда. Бұл платформада авторлар мен өзге де құқық иелері өз туындыларының пайдаланылуын кез келген уақытта онлайн форматта бақылап отыра алады.

Бұл – кешенді жұмыстың тек бастамасы ғана: қолданыстағы цифрлық платформалардың функциялары кеңейтіліп, жаңа цифрлық жобалар бір мезгілде әзірленуде.

Әділет органдарының цифрландырылуы әлеуметтік маңызға ие. Өйткені ол адами фактордың ықпалын азайтады және ол процестердің ашықтығы мен қолжетімділігі құқық үстемдігі қағидасының күнделікті өмірде іске асырылып жатқанына шынайы дәлел іспеттес.

Бүгінгі юстиция – бұл ашықтық пен инновациялар, құқықтық дәстүрлер мен заманауи технологиялардың тоғысуы.

Осы орайда бүгін, яғни 30 қыркүйекте атап өтілетін Әділет органдары қызметкерлері күні ерекше мәнге ие.

Бұл күнді бүкіл кәсіби заңгерлер қауымдастығының мерекесі деуге болады. Ол – әрбір азаматтың күнделікті өмірінің бөлігі және заң мен тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ел заңгерлерінің еңбегін бағалау күні. Олардың еңбегі әрдайым көзге еленбесе де, дәл осы мамандар мемлекеттің тұрақтылығын, азаматтардың құқықтарын қорғауды және қоғамның билікке деген сенімін нығайтуға атсалысады.

Бүгінде цифрлық трансформация жағдайында заңгерлер қауымдастығының міндеті – құқықтық жүйені сақтау мен дамыту ғана емес, сонымен бірге әділдік пен әрбір адамды құрметтеуге негізделген жаңа идеялар, технологиялар мен құндылықтардың дәнекері болу. 

Дата публикации
30 сентября 2025
Дата обновления
30 сентября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы