Меню

Страницы

Статья

Мәжбүрлеп орындатудың заманауи моделін қалыптастыру: ашықтық, бақылау және технологиялар

Қазақстанда мәжбүрлеп орындату саласында процестерді автоматтандыруға, субьективті араласуды болдырмауға және құқықтық жауапкершілік тетіктерін күшейтуге негізделген жаңа цифрлық жоба қалыптасуда. Реформаның басты өзегі – қолжетімділік пен ашықтық. Негізгі құрал ретінде – «Цифрлық сот орындаушысы», «Тараптар кабинеті» және талдамалық құралдар – бұл құқықтық мемлекеттің элементтері ретінде ұсынылып отыр.

Сот және орындауға жататын өзге де актілер арқылы іске асырылатын құқықтарды қорғау саласында атқарушылық іс жүргізу құқықтық қорғаудың және бұзылған құқықтарды  қалпына келтірудің соңғы кезеңі болып табылады. Басқаша айтқанда, мәжбүрлеп орындату  саласы қабылданған сот және орындауға міндетті өзге де актілер нақты іске асырылатын кезең. Оның негізі болып мәжбүрлеп орындатуға жататын атқарушылық құжат – сот берген акт  немесе өзге де уәкілетті органның ұйғарымы жатады.

Сондықтан қоғам тарапынан осы бағытқа жауапты мемлекеттік институттарға қойылатын талаптың артуы заңды. Азаматтар үшін сот шешімін алу ғана емес, оның нақты, уақтылы орындалуына сенімді болуы маңызды. Демек, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің нығаюы атқарушылық іс жүргізудің қаншалықты дер кезінде және тиімді жүзеге асырылуы  тікелей байланысты.

Қазіргі таңда Қазақстанда екі мыңнан астам жеке сот орындаушысы жұмыс істейді, бұл 200-ден астам мемлекеттік сот орындаушыларының санынан бірнеше есе көп. Жеке сот орындаушылары қызметін бақылауды Әділет министрлігі (Министрлік), оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ коммерциялық емес, кәсіптік ұйымның функцияларын орындайтын жеке сот орындаушыларының Республикалық және өңірлік палаталары (Палата) жүзеге асырады.

Палата ұйымдастырушылық-әдістемелік  сүйемелдеу үшін ғана емес, сонымен қатар тәртіптік бақылау, мәжбүрлеп орындатудың барлық жүйесін  талдамалық және цифрлық трансформациялау үшін де жауапты.

Осы жұмыстың аясында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (ақпараттық жүйе) қолдауды және дамытуды  Палатаға сенімгерлік басқаруға беру қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде мемлекетті операциялық  шығындардан босатуға мүмкіндік берді.

Цифрлық технологиялар дамыған сайын, олардың күнделікті мәселелерді шешуде, соның ішінде атқарушылық іс жүргізу сияқты маңызды салада қолдануға деген қоғамдық сұраныста артып келеді.

Сондықтан шығындарды азайтуға, әкімшілік кедергілерді жоюға және жеке сот орындаушылар тарапынан ашықтықты арттыруға бағытталған цифрлық  тәсілдер кезең-кезеңімен әзірленіп енгізілуде.

Министрлік өткен жылы «Цифрлық сот орындаушысы»  деп аталатын оңайлатылған іс жүргізу  институтының түбегейлі жаңа механизімін іске қосты.

Алғаш рет ұсынылған формат мәжбүрлеп орындату логикасын түбегейлі өзгертеді: барлық процессуалдық әрекеттер – атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан бастап, қамтамасыз ету шараларын қолдануға дейін сот орындаушысының қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл тәртіп әзірге 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу істеріне қатысты қолданылады.

«Цифрлық сот орындаушысын» қолданылған алғашқы жылы-ақ әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің оң нәтижелері де байқалды: азаматтар жеке сот орындаушысының қызмет ақысын төлеу қажеттілігінің болмауына байланысты 1,3 млрд. теңгеден астам  қаражат үнемдеді. Әкімшілік істер бойынша мемлекет кірісіне 5,2 млрд. теңгеден астам қаражат өндірілді.

Осыған байланысты, «Цифрлық сот орындаушысының»  өндіріп алудың шекті сомасын  20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленуде. Бұған қоса, оңайлатылған тәртіпке басқа да атқару құжаттарының  түрлерін енгізу мәселесі  қарастырылуда.

Осылайша, оңайлатылған іс жүргізуді енгізу, процестерді автоматтандыруға және атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға  қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған құқықтық саясаттың заманауи векторын көрсетеді.

Министрлік бұл жетістіктермен шектеліп қалмай, осы саланы қайта форматтау бойынша одан әрі жұмысын жалғастыруда.

Бұл мәселеде цифрландыру көмекші құрал ретінде ғана емес, мәжбүрлеп орындатудың жаңа моделінің құрылымдық негізі ретінде қарастырылады.

Цифрлық қолжетімділікті кеңейту және тараптардың интерактивті өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында"AdiletGov" мобильдік қосымшасы әзірленді. Ол пайдаланушыларға атқарушылық іс жүргізудің мәртебесі, мәжбүрлеу шаралары, хабарламалар және қаулылардың көшірмелері туралы ақпарат береді.

Осы тұрғыда, (АІЖО ААЖ базасында құрылған) «Тараптар кабинеті»  электрондық  сервисінің енгізілуі  ерекше маңызға ие болуда, ол  атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тараптарға іс материалдарына  ақпараттық жүйе арқылы үздіксіз және тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Аталған платформада сот орындаушымен қабылданған және қабылданбаған барлық шараларды, сондай‑ақ атқарушылық іс жүргізуге қатысты сот орындаушысымен жүргізілген әрекеттер хронологиясы көрсетіледі. Өндіріп алушыға немесе борышкерге ақпараттық жүйеден алынған деректермен байланыстыра отырып, өтініштер мен өтініш хат жіберу  арқылы сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)  ықпал етуге мүмкіндік беріледі. Бұл қоғамның негізделген сұраныстарын уақтылы қанағаттандыруға мүмкіндік береді және көбінесе бақылау шараларының субъектісіне айналатын сот орындаушыларының өздеріне әкімшілік қысымды айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде.

Егер бұрын шағымдар жолданған сайын жеке сот орындаушыға қатысты жоспардан тыс тексерулер тағайындалса, енді сот орындаушының әділет органдарымен Палатаның араласуына дейін кемшіліктерді анықтап, өзіне оны жоюға мүмкіндік беріледі.

Алайда, сот орындаушылардың заң бұзғаны үшін жауапкершілігі еш жеңілдетілмейді. Керісінше, ЖСО-ны тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі жүйелі түрде қатаңдатылады.

Министрліктің бастамасымен тәртіптік комиссия шешімдері міндетті сипатқа ие болады. Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатының нәтижелері бойынша (Қазақстанда «Жеке сот орындаушылар институтының даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында) әзірленген ұсыныстарды орындау мақсатында Палатамен ЖСО-ға қатысты тәртіптік жауапкершілігін  қарау туралы Ережеге бірқатар түзетулер енгізді. Өзгертулер ЖСО-ның жауапкершілікке тартылмай кетуіне жол ашатын кейбір жеңілдететін жағдайлар алынып тасталды.

Тәртіптік комиссия жұмысының ашықтығын және заңдылығын қамтамасыз ету үшін, оның құрамына алғаш рет қоғам өкілдері енгізіледі, олар әрбір нақты жағдайды қарауға тікелей қатысады. Сонымен қатар шағымданушы азамат тәртіптік іс бойынша комиссия отырысында бақылаушы ретінде қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар қабылданған шешімдердің заңдылығы мен толықтығын автоматты түрде тексеруге бағытталған «цифрлық көмекші» немесе өтініштерді автоматтандырылған талдау құралы әзірленуде. Бұл нақты уақыт режимінде  сот орындаушысының барлық әрекеттерін  тіркеуге, оның қызметіндегі ықтимал құқықбұзушылықтар туралы сигнал беріп, тиісті  шаралар қабылдау үшін  Министрлікке жолдауға мүмкіндік береді.

Өндіріп алушылар мен борышкерлердің қарапайым сұрақтарына жауап беру  үшін генеративті модельдерді  енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Ұсынылып отырған жаңашылдықтар Мемлекет басшысының өткен жылдың  наурыз  айында Ұлттық  құрылтайдың үшінші отырысында  айтқан артық формальдылықтан бас тарту және сервистік, адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделін құру  тапсырмасына толық сәйкес келеді.

Енгізіліп отырған транспаренттілік шаралары борышкерлердің мүлкін өндіріп алу  рәсімін де қамтиды.Тыйым салынған  мүлікті  сату тәжірибесінде кейбір сауда-саттыққа қатысушылардың әрекеттерінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Ағымдағы рәсімдердің «күшті» және «әлсіз»  тұстары талданып, аукциондарды өткізу  регламентін  және оны өткізу  кезеңін өзгертуге бағытталған заңнамалық түзетулер ұсынылуда.

Осылайша, атқарушылық іс жүргізу реформасы адамға тәуелді модельге негізделіп құрылған, оның әрбір кезеңі тексерілетін, ашық әрі автоматтандырылған болуы тиіс. Мұндай жоба азаматтардың  (оның ішінде борышкер мен өндіріп алушыны) құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудің мызғымас негізіне айналады. Бұл процестердің созылып кетуін және субьективті фактордың орын алуын жояды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында: «Әділетті және Қауіпсіз Қазақстанды құру үшін Заң мен Тәртіптің үстемдігін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің берік негізі ретінде бекіту қажет» деп атап өтті. Бұл ұстаным жүргізіліп жатқан реформаның бағыт-бағдарын анықтайды: заң тек жарияланып қана қоймай, нақты жұмыс  істеуі тиіс, ал оның орындалуы бұлжымас, уақтылы және бақылауда болуы қажет.

Аталған тәсіл Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапты. Онда цифрландыруды мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған.

Осыған орай атқарушылық іс жүргізудің дамуы – бюрократияны қысқарту, жауапкершілікті күшейту, рәсімдердің тазалығын қамтамасыз ету және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған жаңғырту стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асырылуда. Цифрлық құралдар енді қосалқы ресурс емес, азаматтардың мүдделеріне бағытталған ашық, есеп беретін жаңа модель ретінде қалыптасуда.

Дата публикации
09 июля 2025
Дата обновления
09 июля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы