Меню

Страницы

Статья

Наурыз – ұлт ұлықтайтын ұлы мереке

Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Наурыз – көне дәуірлерден бері келе жатқан, жаңару мен тіршіліктің қайта өркендеуін білдіретін ұлы мереке. Бұл мереке тек қана табиғаттың жаңаруы емес, адамның рухани әлемі мен ұлттық сана-сезімінің жаңғыруын да білдіреді. Сонымен қатар, Наурыз Қазақстанның заманауи тарихындағы маңызды саяси өзгерістердің символы ретінде де қарастырылады. Осы тұрғыда Наурыз еліміз үшін жаңа саяси кезеңнің бастауы, ауқымды әлеуметтік және мәдени өзгерістерге жол ашқан кезең ретінде бағаланады. 2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн», - деп шегелеп берді.

Осыған дейін бұл мейрам тек ауылдар мен тұрмыстық деңгейде ғана атап өтілген болса, бүгінгі таңда ол ұлттық мейрамға айналып, еліміздің саяси өмірінде үлкен рөл атқаруда. Наурыз – тәуелсіз Қазақстанның өз тарихында алғашқы жылдардан бастап жаңа саясаттың, экономикалық реформалардың, ұлттық бірліктің бастауы болып қалыптасқан мейрам. Мерекенің жаңаруы мен жаңа жылдың басталуы мемлекеттік идеология мен әлеуметтік құрылымның өзгеруімен үйлесіп, елдің саяси дамуында жаңа бағыттар ашты.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Наурызды мемлекеттік деңгейде атап өту, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам болды. Бұл мереке елімізде қоғамдық бірліктің нығайуына, ұлттық сананың жаңғыруына және саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.

Наурыз мерекесі тек табиғаттың қайта жаңаруы мен тіршіліктің оянуы ғана емес, сонымен қатар ұлттың рухани тұрғыда жаңғыруын, бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған маңызды кезең. Бұл мереке елдегі түрлі этникалық ұлттар арасында өзара түсіністік пен сыйластық орнатуға мүмкіндік берді. Қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениеті, тарихы мен тұрмысы, қазіргі заманның жаңалықтарымен үндесіп, біртұтас ұлт болып қалыптасудың жолына жаңа қадам жасалды.

Наурыз – тек жыл мезгілінің ауысуы ғана емес, ол Қазақстанның заманауи тарихында ауқымды өзгерістерге жол ашқан, жаңа саяси кезеңнің бастауы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, осы мейрам ел ішіндегі әлеуметтік, экономикалық және мәдени реформалардың жүргізілуін қолдады. Наурыздың тарихи маңызы тек табиғаттың жаңаруы мен адамның рухани жаңғыруымен ғана шектелмей, ол еліміздің саяси және әлеуметтік өміріндегі маңызды кезеңдердің бастамасы ретінде ұлттың болашағын айқындайтын күшке айналды.

Бүгінгі таңда Наурыз әрбір қазақ үшін, тұтас ел үшін үлкен саяси мәнге ие, ол еліміздің өткен тарихы мен болашағын, ұлттық сананың қалыптасуын және қоғамдағы бірлікті көрсету үшін маңызды күн болып қалуда. Ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деп жырлаған «Наурыз» – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды бүкіл елді татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бірлігіміз арта берсін!

Дата публикации
19 марта 2025
Дата обновления
19 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы