Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер азаматтардың оларды алуын жеңілдетеді. Сондықтан Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру Министрлік жұмысының басым бағыты болып табылады.
Бұл міндетті шешу үшін Қазақстанда «Электрондық үкімет» құрылды. «Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілін түбегейлі өзгерткен бірыңғай ақпараттық жүйе: олардың көпшілігін онлайн алуға мүмкіндік туды, қажетті құжаттар тізбесі және Мемлекеттік қызметтерді алу мерзімдері қысқартылды.
Әділет органдары тұрақты негізде заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Соңғы жылдары заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнаманы жетілдіру оның құрылу тәртібі мен шарттарын жеңілдетуге ықпал етті.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру азаматтардың өмірін жеңілдетуге, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүктемені азайтуға және қағаз құжат айналымын қысқартуға тиіс.
Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін ұтқыр технологияларды пайдаланудың қағидаттық мәні зор болып табылады. Ол үшін жаңа мобильді қосымша – eGovmobile іске қосылды, Telegram мессенджерінде және танымал әлеуметтік желілерде боттар белсенді қолданылады. Қазіргі уақытта ең көп сұранысқа ие қызметтер осы мобильді қосымшалар арқылы ұсынылады.
2019 жылғы 25 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белсенділікті, композиттілікті, экстерриориалдылықты және т. б. енгізуге мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаттарының өзгеруі туралы жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік беретін Заңға қол қойды.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласында электрондық нысанда ұсынуға іске асырылған мемлекеттік қызметтердің 7 түрі көрсетіледі.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы заңды тұлғаның басшысын ауыстыру мүмкіндігі бар. Бұл жаңалықты 350 000-нан астам субъект пайдаланды, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу автоматтандырылды, орналасқан жерін, қызмет түрін өзгерту, жарғылық капиталды ұлғайту және т. б. кезінде «электрондық үкімет» порталы арқылы хабарлама жасау тәртібі енгізілді.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 1 жұмыс күні мерзімімен заңды тұлғалардың атауын өзектендіру (түзету) бойынша жаңа мемлекеттік қызмет енгізілді.
Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда коммерциялық емес ұйымдарды «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ, өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық форматта тіркеу енгізілді.
Бұл механизм «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз құжаттарды беруді болдырмауға мүмкіндік берді.
Осылайша, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, заңды тұлғаларды тіркеу саласында жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу желісі бойынша 10 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады, оның ішінде құқықтық кадастрдан мәліметтер түрінде үш ақпараттық қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, қалған 7 мемлекеттік қызмет түрі электрондық/ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Қазіргі өмірдің ритмі қарқыны және барлық салаларда тиісті тәсілдерді қажет етеді.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу әсіресе халық арасында танымал.
Сонымен, аумақтан тыс дегеніміз, егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер оның орналасқан жері бойынша нотариуста куәландырылған болса, енді Тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез-келген нотариусқа жүгіне алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін заңнамада нотариалды куәландырылған мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды 2 сағат ішінде, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеу немесе төлемнен босату туралы растау келіп түскен сәттен бастап жеделдетіп тіркеу көзделген.
Сондай-ақ, «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЖМБМК)» ақпараттық жүйесі арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мәліметтерін түзету көзделген.
Проактивті режимде мемлекеттік қызметтерді көрсетуде мемлекет адам оларға жүгінгенше күтпейтінін, адамдарға қызметтерді өзі ұсынатынын білдіреді. Мысалы, жылжымайтын мүлік иесінің мекен-жайын автоматты түрде өзгерту. Мәселен мекенжай мәліметтері өзгерген кезде мекенжай тіркелімінде құқықтық кадастрға автоматты түрде өзгерістер енгізіледі.
Бұдан басқа, бірлескен бұйрық шеңберінде (ӨҚМ, ӘМ, ЦДИжАӨМ) бір өтініш негізінде ЖМБМК және Е-Құрылыс ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы қабылдау актілерін электрондық форматта тіркеуді аудару бойынша жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды ресімдеу бөлігінде (объектіні пайдалануға қабылдау актісін қалыптастыру, оны ЖАО-ға есепке қою, жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді енгізу және тіркеу) алгоритм әзірленді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Әділет министрлігі жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыруға ерекше назар аударады, бұл халықтың уақытын және қаржылық шығындарын едәуір қысқартады.