Меню

Страницы

Статья

Жылдам әрі ыңғайлы: Республиканың барлық шалғайдағы ауылдық елді мекендерінде «Құқық кабинеттері» ашылды

Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әділет органдары облыс әкімдіктермен бірлесіп республиканың барлық шалғайдағы ауылдық елді мекендерінде 2 000-ға жуық «Құқық кабинетін» ашты.

Кабинеттер аудандық, ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында, ауылдық клубтарда, демалыс орталықтарында және т. б. EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. (мекен-жайлар бойынша толық ақпарат алу үшін тиісті аумақтық әділет органдарына хабарласу қажет).

Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютерлермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.

Дата публикации
04 февраля 2025
Дата обновления
04 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы