Баланың дүниеге келуі-әр адамның өміріндегі маңызды оқиға. Біздің өскелең ұрпаққа ерекше назар аудару қажет, өйткені балалардың әл-ауқаты-мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі.
Адам туылғаннан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясымен азаматтың ажырамас құқықтарына кепілдік беріледі. Бұл дегеніміз, әр бала өзінің алғашқы жеке куәлігін алуға құқылы – туу туралы куәлік және біздің заңнамамыз оны толығымен қамтамасыз етеді.
Мемлекет өз тарапынан әрбір жаңа aзамат қажетті құжаттарды оңай және тез алуы үшін баланың тууын тіркеу рәсімін жетілдіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Тууды тіркеу процесі балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекспен және тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдерін реттейтін тиісті қызмет көрсету ережелерімен реттеледі.
Бір қызығы, тууды тіркеу және куәлік беру мүлдем тегін.
Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), АХАЖ органдары арқылы немесе «электрондық үкімет» порталы және танымал Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшалары арқылы өтініш берудің өзіне ыңғайлы тәсілін таңдай алады.
Анықтама үшін: ағымдағы жылдың 11 айында 361 875 бала туу тіркелді (2023ж. – 420 410), оның ішінде портал арқылы 286 132 немесе 80%.
2019 жылы баланың тууын тіркеудің проактивті әдісі енгізілді, бұл мемлекеттің өзі азаматқа қажетті қызметті кез келген өмірлік жағдайда алуға мүмкіндік беретінімен қолайлы. Перзентханадағы аналар баланың туу туралы куәлігін, жәрдемақы алуға өтінішті тек SMS жіберу арқылы оңай рәсімдей алады. Автоматтандыру туу туралы куәлікті алу процесін тезірек және тиімдірек етеді: Еgov.kz сайтындағы жеке кабинетте телефон нөмірін байланыстыру жеткілікті.
2023 жылдың маусымында медициналық ұйымда туылған кезде баланың ЖСН баланың туу туралы куәлігін алғанға дейін алу мүмкін болды, 2024 жылғы 21 мамырдағы Заңда баланың туу туралы медициналық куәлігінде ЖСН болуын көздейтін Кодекске түзетулер қабылданды.
Бұл жаңашылдық азаматтарға медициналық мекемеде болған кезде де автоматты режимде қосымша өтініш бермей баланың тууына байланысты және бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы тағайындауға мүмкіндік береді.
Әділет министрлігі өз тарапынан баланың тууын тіркеу процесін жеңілдетуге тырысады, сондықтан соңғы бірнеше жылда мүмкіндікті көздейтін түзетулер қабылданды:
- ананың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда да баланың тууын тіркеу. Бұл Қазақстанда туылған бірде-бір бала құжаттарсыз қалмауы үшін жасалды;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар (туу туралы актілердің немесе туу туралы медициналық куәліктің көшірмелері)негізінде барлық резидент азаматтарына туу туралы куәліктің қазақстандық үлгісін алу;
- азаматтардың республика аумағында қағаз куәлігін алу қажеттілігінсіз электрондық цифрлық куәліктер алуы, бұл ретте азаматтар өз қалауы бойынша кез келген уақытта қағаз жеткізгіште куәліктер ала алады.
Бұл түзетулер ата-аналарға мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезекке тұру, медициналық ұйымдарға тіркелу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, борыштық жүктемені азайту және т. б. сияқты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда тууды тіркеу процесі қарапайым, ыңғайлы және автоматтандырылған.
Мемлекет әр балаға қамқорлық жасайды және бұл процесті ата-аналар үшін мүмкіндігінше ыңғайлы етуге тырысады.