Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ)

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Біріккен Ұлттар Ұйымының 15 мамандандырылған мекемесінің бірі болып табылады. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құру туралы 1967 жылғы конвенцияға сәйкес, ДЗМҰ зияткерлік меншікті бүкіл әлемде дамыту және қорғау үшін елдермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен құрылды. Ұйым өз жұмысын 1970 жылы 26 сәуірде, конвенция күшіне енген кезде бастады.

ДЗМҰ қызметіне зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ережелер мен саясатты талқылау және қалыптастыру үшін форумдар ұйымдастыру, әртүрлі елдерде зияткерлік меншікті тіркеу және қорғау бойынша ғаламдық қызметтерді ұсыну, зияткерлік меншік саласындағы шекаралық дауларды шешу, бірыңғай стандарттарды қолдана отырып, зияткерлік меншік жүйелерін біріктіруге көмек ету кіреді. ДЗМҰ зияткерлік меншіктің барлық мәселелері бойынша анықтамалық мәліметтер базасы болып табылады. Сонымен қатар, оның ішіне зияткерлік меншікті қорғау немесе инновация мәртебесі туралы жаһандық деңгейде және жекелеген елдер бойынша есептер мен статистикалық мәліметтер ұсыну кіреді. ДЗМҰ зияткерлік меншікті арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуды нығайту үшін үкіметтермен, үкіметтік емес ұйымдармен және жеке тұлғалармен ынтымақтасады.

ДЗМҰ зияткерлік меншік мәселелерін, құқық беруді қорғаудан бастап, халықаралық патенттік жіктемені құруға дейінгі 26 халықаралық шартты басқарады.

ДЗМҰ штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан және оған 193 мүше-мемлекет, соның ішінде БҰҰ-ға мүше 190 мемлекет кіреді.

ДЗМҰ-ның ресми сайты келесі сілтеме бойынша қол жетімді https://www.wipo.int/portal/en/index.html

Дата публикации
19 августа 2020
Дата обновления
19 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы