Әділет органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Соңғы жылдардағы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнаманы жетілдіру құрылу тәртібі мен шарттарын жеңілдетуге ықпал етті.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы әділет органдары электрондық нысанда ұсынылатын іске асырылған мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді.
Электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері («eGov mobile» мобильдік қосымшасы, «УправДом» қосымшасы және т. б.) арқылы ұсынылады
Бұл ретте, іске асырылған Электрондық қызметтердің бар болуы – бір мәселе, басқа мәселе – олардың қызметтерді тұтынушылар арасында танымалдығы, яғни халықтың және бизнес субъектілерінің электрондық қызметтерді алудағы белсенділігі.
Электрондық қызметтерді тұтынушылар санының өсуі оларды алу кезінде қолда бар елеулі артықшылықтармен байланысты. Сонымен, онлайн режимінде электрондық қызметтерді кеңседен немесе пәтерден шықпай-ақ тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында алуға болады; оларды кезекте тұрусыз алу жылдамдығы; электрондық өтінішті толтыру кезінде дәлсіздікті жедел және дербес түзету және т. б.
Сонымен қатар, ең жаппай мемлекеттік қызметтердің бірі коммерциялық ұйымдарды тіркеу болып табылады, оның үлес салмағы мемлекеттік қызметтердің жалпы статистикасында 80% құрайды.
Жоғарыда көрсетілген артықшылықтардан басқа, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы заңды тұлғаның басшысын ауыстыру мүмкіндігі бар. Бұл жаңашылдықты 350 000-нан астам субъект пайдаланды, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу автоматтандырылды, орналасқан жерін, қызмет түрін өзгерту, жарғылық капиталды ұлғайту және т. б. кезінде «электрондық үкімет» порталы арқылы хабарлама жасау тәртібі енгізілді.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 1 жұмыс күні мерзімімен заңды тұлғалардың атауын өзектендіру (түзету) бойынша жаңа мемлекеттік қызмет енгізілді.
Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында заңды тұлға туралы ақпарат алуды көздей отырып, қажетті мәліметтерді таңдап, өзінің ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы сұрау салу жолдай отырып», «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды.
Коммерциялық емес ұйымдарды «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық форматта тіркеу енгізілді.
Бұл тетік қағаз құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы тапсыруды болдырмауға мүмкіндік берді.
Осылайша, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, заңды тұлғаларды тіркеу саласында жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.