Бүгінгі таңда Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі көптеген адамдарға әсер ететін айтарлықтай проблема болып табылады, cондай-ақ оны түсіну және шешім қабылдау үшін жан-жақты көзқарасты талап етеді. Сот сараптамасы тұрмыстық зорлық-зомбылық істерін тергеуде және шешім шығаруда негізгі рөл атқарады.
Сот - медициналық сарапшы дене жарақаттарының болуын/болмауын анықтайды, оларды сипаттайды және денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын ескере отырып саралайды.
Адам денсаулығына келтірілген зиян оның ауырлық дәрежесіне (ауыр зиян, орташа ауырлықтағы зиян және жеңіл зиян) байланысты біліктілік белгілері негізінде сараланады.
Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін айқындау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін айқындау үшін зардап шеккендерді, күдіктілерді және басқа да адамдарды сараптамалық зерттеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) қолданылады.
Егер адам ұрғаннан кейін ауруханаға құқық қорғау органдарынан ертерек барса, медициналық құжаттардағы барлық дене жарақаттарын тіркеу өте маңызды. Қажет болған жағдайда жүргізілген рентген-зерттеулер, УДЗ немесе басқа да тексерулер медициналық құжаттамада тіркелуі тиіс. Бұл ретте емдеу мекемесінде берілген аталған диагнозы бар құжат сот-медициналық сараптаманың аналогы және қылмыстық іс қозғауға себеп болып табылмайтынын ескеру қажет.
Кінәлілердің жазалануы үшін полицияға арыз беру қажет, содан кейін полиция қызметкері сот-медициналық сараптама тағайындау (куәландыру) туралы қаулы шығарады.
Бұдан басқа, куәландырудан (дене жарақаттары болған кезде оларды қарап-тексеруден және тіркеуден өткізуден) сот сараптамасы органының және Республикалық сот сарапшылары палатасының сарапшыларына жеке өзі өтініш жасай отырып, шарттық негізде өтуге болады.
Сот-медициналық сараптама бірнеше кезеңнен өтеді:
- Іс бойынша барлық құжаттарды зерделеу (сарапшы қылмыс орнынан материалдарды, айғақтарды, заттай дәлелдемелерді сұрата алады).
- Жәбірленушіден сұрау (сарапшы анық емес дене жарақатын жіберіп алмауы үшін соққылардың барлық жерлерін, ұрып-соғу ерекшеліктерін көрсету маңызды).
- Жәбірленушіні тексеру (егер адам стационарлық емдеуден және көмек көрсетуден кейін сарапшыға келген болса, онда тікелей тексеру медициналық құжаттар мен қорытындыларды зерделеумен ауыстырылуы мүмкін).
- Қорытынды кезең–қорытынды жасау.
Тергеуші қаулыда cарапшы жауап беруі тиіс: зақымданулар (оқшаулау) қай жерінде, ауырлығы, соққылар қалай болған, ескіру, қанша уақытқа еңбекке қабілеттілігінің болмауы, ұрып-соғудың ықтимал салдары, өмірге қатер төнген бе және ең бастысы – ауырлық дәрежесі сияқты сұрақтарды қорытындыда көрсетеді. Қорытынды сараптама тағайындаған органға/адамға беріледі, ол жәбірленушіні сот-медициналық сараптаманың нәтижелерімен таныстырады.
Сот-медициналық сараптама жүргізу барысында сот-медициналық сарапшы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында дене жарақаттарының болуын/болмауын белгілейтін мерзімдер қосымша медициналық құжаттарды ұсыну және қосымша клиникалық және аспаптық тексеруден өту қажеттілігі болмаған жағдайда, 3 тәулікке дейін уақытты құрайды.
Ұрып-соғуды тіркеу үшін – сот-медициналық сараптама жүргізу міндетті. Жәбірленушілер медициналық тексеруден өтуі тиіс нақты мерзімдер жоқ. Алайда, уақыт сараптаманың сапасына әсер етеді, өйткені ұрып-соғу іздері жазылуы мүмкін. Сарапшылар алғашқы екі күнде сарапшыларға жүгінуге кеңес береді.
Осылайша, тұрмыстық зорлық-зомбылық сот сараптамасының призмасы арқылы бұл құбылысты түсіну мен алдын алуда жаңа мүмкіндіктер ашады. Кешенді тәсіл және білікті мамандар зардап шеккендерді қорғап, оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін едәуір арттыра алады.