Негізгі міндеттері:
1) адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстваларының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын талдау, заңдық сараптама жүргізу, кейіннен оларды мемлекеттік тіркеу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуына бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
2) орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарында және олардың аппараттарында, әкімдіктерінде, әкімдер аппараттарында, тексеру комиссияларында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді, олардың күшін жоюды және нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуы саласындағы бақылау;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен оларға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.