2023 жылдың шілдесінен бастап Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті өз қызметінің жаңа қадамын бастады.
Нормашығармашылықта инновациялық тәсілдерді (agile қағидаттары, «ақылмен» реттеу, жобалық басқару және т.б.) қолдану мақсатында біз өз құрамымызды нығайтқымыз келеді.
Біз өз командамызға жас, талантты, креативті пікірлес адамдарды іздейміз. Бұл тек заңгерлер ғана емес, сонымен қатар IT, жобалық басқару, икемді басқаруды енгізу саласындағы мамандар.
Егер сіз өзіңізді осы жерден көре білсеңіз, Қазақстан заңнамасын жаңартуға өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, біздің Департаментке қош келдіңіз.
Ол үшін мынадай мүмкіндіктер бар: конкурс арқылы, конкурс өткізбей, кәсіптік орналасу практика, сондай-ақ жастар практикасы арқылы одан әрі тұрақты негізде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар.
КОНКУРС
Қолда бар бос жұмыс орындарына арналған конкурстар туралы ақпаратты Әділет министрлігі (www.gov.kz) мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (www.gov.kz) ресми интернет-ресурстарынан табуға болады.
Конкурстарды өткізу туралы жаңа хабарландыруларды мерзімді түрде тексеріп отыруды ұсынамыз.
КОНКУРС ӨТКІЗБЕЙ ТҮСУ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес болған жағдайда, конкурс өткізбей, Департаментке жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар (adilet.zan.kz).
КӘСІПТІК ПРАКТИКА
Біздің департаментте студенттердің танысу және өндірістік практикадан өту мүмкіндігі бар.
ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, алдыңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған және білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері жастар практикасы бойынша жұмысқа орналаса алады.
Ол үшін Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына тиісті өтінішпен жүгіну қажет (czn.kz).
Практикадан өту болашақта мемлекеттік қызметке, атап айтқанда әділет органдарына жұмысқаорналу үшін шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Конкурс сұрақтары бойынша +7 (7172) 74-07-64 телефоны арқылы хабарласуға болады
Практика мәселелері жөнінде +7 (7172) 55-87-22 телефоны арқылы хабарласуға болады