Қоғамның ведомстволық актілер жобаларын талқылауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өзара іс-қимыл және өзара түсіністік туралы
МЕМОРАНДУМ
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын, Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті,
құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында,
қоғамның ведомстволық норма шығармашылыққа қатысуы мәселелерінде ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып,
өз құзыреті шегінде төмендегілер туралы келісті:
Осы Меморандумның мақсаты ведомстволық актілердің жобаларын талқылау процесінің сапасын арттыру саласында Тараптардың ынтымақтастығын кеңейту болып табылады.
Тараптар өз құзыреті шеңберінде мынадай бағыттарда ынтымақтасатын болады:
а) «көзқарастардағы айырмашылық» (мемлекет – қоғам) мәселелерін, оның ішінде реттеушілердің ақпараттық сүйемелдеу бағдарламасын әзірлеуін көтермелеу және ведомстволық актінің жобасына түсініктеме беру жолымен талдау;
b) ведомстволық актілерді әзірлеу, келісу (талқылау) және қабылдау процестеріне SMART-реттеу қағидаттарын ілгерілету;
c) ведомстволық, оның ішінде жұртшылықтан шығатын актілерге қажеттілікті анықтау;
d) «Ашық Үкімет» компоненттерінің әлеуетін дамыту және пайдалану;
e) Тараптар келіскен кез келген басқа бағыттар.
3.1. Қоғамның ведомстволық актілер жобаларын талқылауға қатысуын кеңейту:
a) осы Меморандумның мақсаттары үшін құрылатын «Transparent regulation Task Force» жұмыс тобы;
b) конференциялар, семинарлар, кездесулер, оқу курстары мен жұмыс сессияларын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми-құқықтық зерттеулер жүргізу;
c) ақпараттық өрісті талдау қорытындыларымен және өзге де ақпаратпен алмасу;
d) бірлескен іс-шаралар өткізу;
e) қолжетімді цифрлық шешімдерді пайдалану;
f) Agile-келісу процесін ілгерілету арқылы жүзеге асырылатын болады.
3.2. Тараптар келісім бойынша Меморандумның мақсаттарына қол жеткізу үшін өзге де нысандарды әзірлейтін және пайдаланатын болады.
4.1. Осы Меморандум тараптардың осы Меморандум шеңберінде ынтымақтастық жөніндегі ерікті ниеттерін қоспағанда, Тараптардың қандай да бір құқықтары мен міндеттерін туғызбайды. Осы Меморандум орнатылатын ынтымақтастыққа қатысты Тараптардың толық өзара түсіністігін көрсетеді.
4.2. Осы Меморандумға сәйкес ынтымақтастықты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер Тараптардың әрқайсысының құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ формальдылықты барынша азайта отырып және бюрократиядан арылу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.
4.3. Егер әрбір нақты жағдайда өзге уағдаластыққа қол жеткізілмесе, әрбір Тарап осы Меморандумды орындауға байланысты шығыстарды дербес көтереді.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Меморандум бір жылға жасалады және оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет және қоғам коммуникациясын дамыту департаменті
|