Меню

Страницы

Статья

Ведомстволық реттеуді жетілдіру

Ведомстволық актілер деңгейінде цифрландыру, автоматтандыру, оңтайландыру, сондай-ақ жобалық және икемді басқару қағидаттарын қолдануды күшейту мақсатында өзара іс-қимыл және өзара түсіністік туралы

МЕМОРАНДУМ

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталтын, бір тараптан Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті және екінші тараптан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті,

құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;,

цифрлық трансформациялау және жобаларды басқару қағидаттары бойынша норма шығару процесін оңтайландыру мақсатында;

қоғамның ведомстволық норма шығаруға қатысуы мәселелерінде ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып,

өз құзыреті шегінде төмендегілер туралы келісті:

 

  1. Мақсаты

 

Осы Меморандумның мақсаты цифрлық трансформациялау және жобаларды басқару қағидаттарын іске асыру және азаматтарды нормативтік құқықтық актілердің жобаларын белсенді талқылауға тарту арқылы норма шығару процесін жетілдіру саласында Тараптардың ынтымақтастығын  кеңейту болып табалады.

 

  1. Ынтымақтастық саласы

 

Тараптар өз құзыреті шеңберінде мынадай бағыттарда ынтымақтасатын болады:

а) цифрлық трансформациялау мәселелерін қозғайтын ведомстволық актілердің цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

b) жобалау және икемді (agile) реттеу қағидаттарын ведомстволық актілерді әзірлеу, келісу (талқылау) және қабылдау процестеріне енгізу;

c) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтауға, кейіннен оларды көрсету бойынша процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға жәрдемдесу;

d) жобалардың сандық және сапалық талдауы үшін деректерді талдауды (Smart Data) енгізу, норма шығару қызметінің болжамды - талдамалық құрамдас бөлігін күшейту, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру процесін оңтайландыру және мониторингілеу тиімділігін арттыру;

e) азаматтардың норма шығару процесіне қатысу әдістері мен арналарын кеңейту, барлық кезеңдердегі оның жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;

f) Тараптар келіскен кез келген басқа бағыттар.

 

  1. Мақсаттарға қол жеткізу тетіктері

 

3.1. Ведомстволық актілерде цифрландыру, жобалық және икемді басқару, автоматтандыру және оңтайландыру қағидаттарын толық іске асыруды қамтамасыз ету:

a) цифрлық трансформациялау стратегиялық бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауды талап ететін ведомстволық актілерді анықтау;

b) ақпаратпен жәнежүйелі мәселелерді және проблемаларды талдау  қорытындыларымен  алмасу;

c) бірлескен іс-шараларды, оның ішінде құқықтық базаны пайдаланушылардың ведомстволық актілердің жобалары туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;

d) қолжетімді цифрлық шешімдерді пайдалану;

e) Agile-келісу процесін ілгерілету;

f) ведомстволық норма шығарумен байланысты статистикалық деректерді пайдалану жобасын бірлесіп пысықтау арқылы жүзеге асырылатын болады.

3.2. Тараптар келісім бойынша Меморандумның мақсаттарына қол жеткізу үшін өзге де нысандарды әзірлейтін және пайдаланатын болады.

 

  1. Ынтымақтастық шарттары

 

4.1. Осы Меморандум Тараптардың осы Мемарандум шеңберінде ынтымақтастық жөніндегі ерікті ниеттерін қоспағанда, Тараптардың қандай да бір құқықтары мен міндеттерін туындатпайды. Осы Меморандум орнатылатын ынтымақтастыққа қатысты Тараптардың толық өзара түсіністігін көрсетеді.

4.2. Осы Меморандумға сәйкес ынтымақтастық Тараптардың әрқайсысының құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4.3. Әрбір Тарап, егер әрбір нақты жағдайда өзгелер туралы уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда, осы Меморандумды орындаумен байланысты шығыстарды дербес көтереді.

 

  1. Өзгерістер

 

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

  1. Күшіне енуі

 

Осы Меморандум бір жылға жасалады және оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті

 

 

Дата публикации
19 апреля 2024
Дата обновления
19 апреля 2024
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы