Мақсаттары:
1) Бюджет кодексінің және тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілер шеңберінде бюджеттік саясатты іске асыру;
2) әділет органдарын қаржылық қамтамасыз ету, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде әділет органдарын ұстауға қаражат бөлу:
3) экономикалық талдау жасау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингілеу, ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларының орындалуына мониторингті және бағалауды қарау;
4) мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету;
5) жасалатын операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз ету;
6) Министрліктің орталық аппаратына. сондай-ақ қажеттілігіне қарай аумақтық әділет органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру;
7) Министрлікті материалдық-техникалық қамтамасыз ету және белгіленген тәртіпте Министрліктің теңгеріміндегі автокөлікті және өзге де техниканы, ғимараттар мен құрылыстарды күтіп ұстау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;
9) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.