Меню

Страницы

Статья

«Электрондық үкімет» порталында шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде биометриялық верификацияны қолдану

2023 жылғы 23 қазанда Әділет министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Биометриялық верификацияны қолдана отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Пилоттық жобада шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеуден өту кезіндегі іс-қимыл алгоритмін өзгерту көзделген.

Бұған дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған болатын.

Енді порталдағы өтініш Digital ID биометриялық верификациясы арқылы куәландырылады, бұл өтініш берушіні бірегей биометриялық деректер бойынша сәйкестендіруге және өтініш берушінің жеке басын қашықтан растауға мүмкіндік береді.

Тіркеу электрондық өтініш берілген сәттен бастап бір сағат ішінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
27 октября 2023
Дата обновления
27 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы