Меню

Страницы

Статья

Әділет министрлігі медиация институтын және дауларды сотқа дейін шешудің өзге де түрлерін күшейту бойынша жұмыстар жүргізуде

Дауды соттан тыс реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық институттарды дамыту біздің мемлекетіміздің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Бұл институттардың негізгі рөлі дауларды қарау және шешу бойынша сот жүктемесін азайту, сондай-ақ жанжалдың бастапқы кезеңінде дауды шешу болып табылады. Халықаралық тәжірибеде соттан тыс институттардың арқасында даулардың 85%-ы сотқа жүгінбей шешіледі.

Мәселен, Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайымі» сайлауалды бағдарламасында медиация институтын күшейту және дауларды сотқа дейін шешу қажеттігін атап өтті.

Бүгінгі таңда медиация институтына дауларды тез және өзара тиімді шешу тәсілдерінің бірі ретінде жетекші рөл беріледі. Өзара жеңілдіктер негізінде дау тараптары екі жақтың мүдделеріне сәйкес келетін ең қолайлы шешімге келе алады.

Медиацияны одан әрі дамыту мақсатында мемлекет тарапынан осы институттың артықшылықтары туралы халыққа түсіндіре отырып, медиативтік рәсімдерді құқықтық насихаттауды күшейту жөнінде шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының медиация рәсіміне қол жеткізуін қамтамасыз ету және адвокаттар көрсететін тегін заң көмегіне ұқсас медиацияның әлеуметтік моделін әзірлеу мәселелері және медиацияны институционалдық дамытудың өзге де мәселелері пысықталуда.

Жұмыс дауларды баламалы шешудің өзге де түрлері бойынша жүргізіледі. Мысалы, Қазақстанда төрелікті нығайту және дамыту бойынша шаралар әзірленуде.

Дата публикации
03 июля 2023
Дата обновления
03 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы