Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына агенттік шартты енгізу перспективасы»

Бүгінгі күні құқық қолдану практикасында Азаматтық кодексте шарттың жеке түрі ретінде көзделмеген агенттік шартты қолдану мәселесі өзекті болып табылады.

Тікелей нормативтік реттеудің болмауына қарамастан, құқықтық қатынастардың бұл түрі кәсіпкерлік ортада кең таралған.

Атап айтқанда, агенттік шарт туристік салада, кәсіби спортта, өнерде, риэлторлық қызметтерде, сондай-ақ белгілі бір тауарларды сатып алу-сату және кепілдік қызмет көрсету шарттарын жасасу (негізінен жаппай тұтыну тауарлары, сақтандыру және т.б.) үшін белсенді түрде қолданылады.

Қазіргі уақытта Азаматтық кодексте агенттік шартқа байланысты құқықтық қатынастар өкілдік туралы жалпы нормаларды қолдана отырып, тапсырма және комиссия шарттарының элементтерін қамтитын аралас шарт туралы ережелермен реттеледі.

Бұл ретте Азаматтық кодексте агенттік шарт туралы ережелердің болмауы сот практикасында белгілі бір проблемаларды, сондай-ақ салық салу кезінде, әсіресе Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларымен осындай шарт жасасқан жағдайларда бірқатар мәселелерді туғызады. Дауларды шешу азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері қабылдаған мінез-құлық шешімдерінің нормативтік негіздемесінің болуына немесе болмауына байланысты жүзеге асырылады.

Айта кету керек, агенттік шарттар кәсіпкерлік қызмет процесінде қолданылады және принципал ұсынуымен ұзақ және тұрақты қызмет үшін негіз болады.

Шын мәнінде, комиссионерлердің қызметі агенттердің белгісіз тобының тапсырмасы бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын агенттік қызмет болып табылады.

Агенттік шарттағы ең мүдделі субъектілер туристік операторлар, агенттер және туристік қызметпен байланысты барлық адамдар екенін ескере отырып, осы саладағы мысалдарды қарастыруға болады.

«Туристік қызмет туралы»  заңда туристік агенттік қызмет - туроператор қалыптастырған туристік өнімді ілгерілету және өткізу жөніндегі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі ретінде айқындалады.

Бұл ретте туристтік қызметпен айналысу үшін туроператорға бұл қызмет түріне лицензия болу керек  (туристтік өнімді қалыптастыру, оны ілгерілету, туристтік агенттерге ілгерілету және реализациялау, сондай-ақ ҚР резиденті емес тұлғамен қалыптастырылған туристтік өінімді туристтік агенттерге ілгерілету және реализациялау).

Сонымен қатар, турагент туристік өнімді қалыптастыруға қатыспайды, тек оны сатады, осыған байланысты турагенттің қызметі туроператормен жасалған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.

Скрябин С.В. «Азаматтық құқықтағы делдалдық құқықтық қатынастар жүйесіндегі агенттік шарт: шет елдердің тәжірибесі және оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына енгізу перспективасы» тақырыбы бойынша өзінің талдамалық анықтамасында атап өткендей: «біздің алдымызда делдалдық шарттық құқықтық қатынастардың айқын үлгісі тұр. Алайда туристік қызмет туралы заңда көрсетілген агенттік шартқа қойылатын міндетті талаптар делдалдықтың қандай да бір элементтерін қамтымайды. Сондықтан туристік өнімді ілгерлету мен сатуды жүзеге асыру кезінде агенттік шарттың делдалдық қызметі жоғалды».

Сондай-ақ, Скрябин С.В. өз жұмысында туристік қызметті реттейтін заңнаманың нормаларында осы саладағы делдалдық қызметтің ерекшеліктерін анықтайтын ережелер жоқ екеніне ерекше назар аударады. Яғни, заңның ережелері турагенттің қызметін туроператордың қызметінен нақты ажыратуға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, жағдай екі субъектінің де қызметі міндетті сақтандыруға жататындығымен күрделене түседі.

Көрсетілген фактілер агенттік шартты қолдануда практикалық проблемалардың бар екендігін куәландырады.

Халықаралық тәжірибе туралы айтатын болсақ, агенттік келісім-шарт ТМД-ның кейбір елдерінде (Ресей, Армения және т.б.) өте кең таралған және азаматтық кодекстерінде қарастырылған.

Сонымен қатар, агенттік шартпен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу континенттік және англо-саксондық құқықтық жүйелерге  жататын көптеген елдерде (Германия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және т.б.) орын алады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, сондай-ақ Азаматтық кодексте бүгінгі күні құқықтық институттардың даму векторын қалыптастыратын азаматтық-шарттық қатынастар саласындағы іргелі нормалар бар екенін ескере отырып, қолданыстағы заңнамада агенттердің қатысуымен қатынастардың таралуы белгілі бір біркелкілікті талап етеді деген көзқараспен Азаматтық кодекске агенттік шарт туралы негізгі ережелерді енгізудің орындылығын пысықтауды, сондай-ақ құқықтық нұсқамаларды жүйелеуді талап етіледі.

Бұдан басқа, агенттің кәсіпкерлік қызметін жүргізуге байланысты айырмашылықтарды ескере отырып, комиссия мен тапсырма шарттарымен салыстыра отырып, осы құқықтық қатынастарды жіктеу мәселесін талқылауды талап етеді.

Осы мақсатта азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасына Азаматтық кодексте агенттік шартты нормативтік бекіту туралы тиісті ұсыныстар енгізілді.

Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында және кеңінен талқылануда.

Дата публикации
03 июля 2023
Дата обновления
03 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы