Меню

Страницы

Статья

Әмбебап кезеңдік шолу - адам құқықтары саласында қабылданған шаралар туралы хабарлдар ету мүмкіндігі

БҰҰ-ға мүшелік шеңберінде қатысушы мемлекеттерге үкіметті, мемлекеттік бірлестіктерді, азаматтық қоғамдарды және бизнесті қолдау үшін олардың бейбітшілікке қол жеткізу, кемсітушіліктің кез келген нысандарын азайту, адам құқықтарын қорғау және тұрақты дамуға қол жеткізудегі жалпыға ортақ күш-жігеріне көптеген тетіктер беріледі[i]. Бұл тетіктер қатысушы мемлекеттерге олар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде халықаралық міндеттемелерін орындауына, мониторинг жүргізу және жәрдемдесу мақсаттары үшін де жұмыс атқарады.  Осындай тетіктердің бірі Әмбебап кезеңдік шолу (бұдан әрі - ӘКШ) болып табылады.

ӘКШ – алқалы шалу тетігі Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жұмыс тобының сессиясы кезінде барлық мемлекеттердегі адам құқықтары саласындағы жағдайды әр төрт жарым жыл сайын қатысушы мемлекеттер қайта қарайды[ii]. ӘКШ қатысушы мемлекеттердің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді сақтауына мониторинг жүргізу тетігі ретінде 2006 жылғы 5 наурыздағы 60/251 қарармен құрылды[iii]. Кейіннен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылғы 18 маусымда қабылдаған 5/1 қарарымен оны өткізу рәсімі белгіленді. Осылайша, қарармен шолуды Кеңес төрағасы бастаған Адам құқықтары жөніндегі Кеңеске қатысушы 47 мемлекетті құрайтын жұмыс тобы жүргізетіні анықталды[iv]. Шолу процесіне өзге де байқаушы мемлекеттер, мүдделі тараптар, сондай-ақ жұмыс тобының баяндамасын қарауға және дайындауға жәрдемдесетін үш баяндамашы қатыса алады.

Шолу интерактивті диалог түрінде шолушы мемлекет және байқаушы елдердің де қатысу мүмкіндігімен жұмыс тобы арасында өтеді[v]. Осы интерактивті диалогты шолушы мемлекеттегі адам құқықтары бойынша қалыптасқан жағдайға қатысты сұрақтар қоюдан және одан әрі мемлекеттің осы сұрақтарға жауаптарымен, қорытынды мен ұсынымдар құрады.

Осылайша, барлық қажетті рәсімдерді аяқтай отырып, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің пленарлық отырысында шолушы мемлекеттегі адам құқықтары саласындағы жағдайды бағалау, озық тәжірибемен алмасу және шолушы мемлекеттің ерікті міндеттемелерін қамтитын қорытынды есеп қабылданады[vi].

Қорытынды есептің нәтижесінде осы мемлекетке берілген және онымен қолдау тапқан барлық ұсынымдарды осы мемлекет жүзеге асыруы керек. Ұсынымдардың императивті сипаты 5/1 қарардың ережелерімен белгіленген және оларды шолушы мемлекет тиісті түрде орындауы керек[vii]. Мемлекет ынтымақтастықтан бас тартқан жағдайда, Адам құқықтары жөніндегі кеңес тиісті шаралар қабылдауы мүмкін, мысалы, Израильдің ӘКШ-ға қатысудан бас тартуы кезінде қабылданғандай[viii].

Бұдан басқа, ӘКШ әрбір мемлекет үшін адам құқықтары саласында қабылданған шаралар туралы хабарлау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар адам құқықтары жағдайын жетілдіру үшін тетік болып табылады. ӘКШ сонымен қатар мемлекеттер үшін барлық ұсынымдарды қайта қарау және тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда, болашақта адам құқықтарын  сақтаумен байланысты жағдай елеулі нашарлауына әкелуі мүмкін адам құқықтары саласында алға жылжу үшін стратегияға қажетті шараларды әзірлеу мүмкіндігі болып табылады[ix]

Осыны ескере отырып, көптеген мемлекеттер Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарларын қабылдады. Мұндай Жоспарлар адам құқықтарын қорғауды жетілдіру үшін ӘКШ нәтижесінде қолдау тапқан ұсынымдарды іске асыру жөніндегі шараларды қамтиды. Осылайша, Жаңа Зеландия ӘКШ-тің екінші циклдің қорытындысы бойынша адам құқықтары жөніндегі ұлттық жоспарды қабылдады[x].

Мароккода ӘКШ ұсынымдарын имплементтеу бойынша жұмыспен адам құқықтары саласындағы заңнамаға жауапты ведомствоаралық делегация айналысады.  2018 жылдың соңында Марокко Үкіметі Демократия және адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады, ол халықтың осал топтарының заң алдындағы құқықтары мен теңдіктерін қамтамасыз ету мақсатында 435 ұсынымдарды орындау бағытталған[xi].

Көптеген басқа мемлекеттер ӘКШ ұсынымдарына сәйкес келу үшін өз тәсілдерін әзірледі. Мұндай ұсынымдарды имплементтеу арқылы адам құқықтарын нығайтуда айтарлықтай нәтижеге Буркина-Фасо, Кения және тағы басқа елдер, әсіресе өлім жазасын жою бөлігінде қол жеткізді[xii].

Ұсынылған ӘКШ ұсынымдарына сәйкес болу үшін мемлекет осы ұсынымдарды имплементтеуде халықаралық ұйымдардың көмегін де жүгіне алады.

Осылайша, Албанияда 2014 жылы екінші цикл өткізілгеннен кейін ӘКШ ұсынымдарында жиі көтерілетін гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және осылайша гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мәселелер бойынша органдардың БҰҰ-мен белсенді ынтымақтастығы басталды[xiii]. Осындай ынтымақтастықтың нәтижесінде ӘКШ негізгі ұсынымдарын қамтитын Албанияның Гендерлік теңдік саласындағы cтратегиясы (2021-2023) қабылданды.

Арменияда БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы полиция тергеулерінің аудио-визуалды жазбасын енгізу жолымен азаптауды жою бойынша ӘКШ ұсынымдарын тиісті түрде орындауға мүмкіндік беретін түзетулерді дайындау мен қолданысқа енгізуге қолдау көрсетті[xiv]. 2019 жылдан бастап БҰҰ-ның тұрғын халықтың қоныстану қоры саласындағы Арменияның Адам құқықтарын қорғаушы аппаратына, Әділет министрлігіне, Еңбек және әлеуметтік істер министрлігіне гендерлік зорлық-зомбылыққа және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауқымды ұлттық қоғамдық науқанды әзірлеу мен жүзеге асыруда қолдау көрсетіп келеді[xv].

ӘКШ ұсынымдарын имплементтеу бойынша осындай жоспарларды жасай отырып, мемлекеттер өз аумақтарында адам құқықтары саласының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді, бұл сонымен қатар оларға келесі циклдер кезінде барлық қажетті ұсынымдарға сай болуға көмектеседі.

Бұған қоса, ӘКШ ұсынымдары ұлттық заңнаманы жетілдірумен қатар, жалпы мемлекеттің халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылын жақсартуға ықпал ете алады. Осылайша, адам құқықтары саласындағы оларға тән тәсіл қолданылатын елдер халықаралық стандарттарға сәйкес келу мақсатында озық тәжірибе алмасу арқылы оларды қорғауды жетілдіреді.

Осылайша, Қытай ӘКШ-тің екінші циклін өткізгеннен кейін, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы көптеген ұсынымдар алғаннан кейін, одан әрі осы Пактінің ратификациялау үшін ішкі өзгерістер енгізе бастады[xvi].

Қатысушы мемлекеттер ішінде адам құқықтарын қорғауды нығайтуда осы мемлекеттердің кезекті ӘКШ-тің циклдерінде стандарттарға сәйкес келуге деген ұмтылыстары маңызды рөл атқарады. Осылайша, ұлттық есепті дайындау кезінде Бахрейн адам құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен бірнеше рет консультациялар өткізді, олардың барысында әртүрлі ескертулер мен ұсыныстар берілді, олар өз кезегінде, ұлттық есепті дайындау барысында ескерілді[xvii]. Қабылданған шаралар ӘКШ өткізуге, бұдан басқа мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдармен ішкі диалогын жақсартуға ықпал ететінін айқын көрсетеді, бұл өз кезегінде, елдегі адам құқықтарын қорғау саласын жан-жақты дамуға алып келеді.

Сонымен бірге, ӘКШ нәтижесінде қолдау тапқан ұсынымдар адам құқықтары қатысты мәселер бойынша мемлекет жүргізіліп жатқан мемелкеттік саясатқа әсер етуі мүмкін. Осылайша, ӘКШ-тің екінші циклі қорытындысы бойынша ұсынымдар алғаннан кейін, Мысыр мемлекет ішінде босқындардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді іс-қимылға көшті[xviii], шетелде тұратын Көші-қон және мысырлықтар істері бойынша министрлік құрылды[xix], сондай-ақ Босқындардың мәртебесі туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді сақтау саласында Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасымен ынтымақтастық басталды[xx]. Босқындар саны жүз мың адамнан асатын мемлекет үшін босқындарға деген көзқарас мәселесі өте сезімтал және бұл мәселедегі саясаттың кез келген өзгерісі мемлекет ішіндегі адам құқықтарын қорғау үшін ӘКШ ұсынымдары маңыздылығының көрсеткіші болып табылады.

Бұдан басқа, мемлекеттер адам құқықтарын қорғау бойынша жағдайды жетілдіру мақсатында мемлекет ішінде қалыптасқан тәсілді толығымен қайта қарауы мүмкін. Осылайша, Тунисте ӘКШ-тің екінші циклінің қорытындысы бойынша ұсынымдар алғаннан кейін мемлекет ішінде негізгі заң болып табылатын құжатты – жаңа Конституцияны қабылдау бойынша шешім қабылданды[xxi]. Бұл өз кезегінде, ӘКШ-тің өткізудің нәтижесін көрсетеді.

Қазақстан адам құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі саясатты жүргізеді, соның ішінде, өткізілген ӘКШ-тің шеңберінде қолдау тапқан ұсынымдар негізінде. Осылайша, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот төрелігі мен қылмыстық процесті, денсаулық сақтау, отбасы және бала институтын қолдау, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, білім алу құқығы, балалар құқығы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары және ой, ар-ождан және дін бостандығы құқығы салаларында реформалар жүргізді[xxii]. 

Алынған ұсынымдарды имплементациялау шеңберінде Қазақстан аумағында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды, ол кейіннен елді басқаруда қоғамның қатысуын арттыру үшін белгілі құқық қорғау ұйымдары, экономистер және басқа да тәуелсіз сарапшылардан тұратын Ұлттық құрылтай болып қайта құрылды. Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция және оған Факультативтік хаттама ратификацияланды, халықаралық стандарттарға сәйкес мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Әртүрлі үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс жалғасуда, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мандаты кеңейтілді.

Өлім жазасын күшін жоюға бағытталған Пактіге факультативтік хаттама ратификацияланды, өлім жазасын толығымен жою туралы шешім қабылданды. Әйелдердің еңбегін пайдалану шектеу салған жұмыстардың тізімі жойылды. Бейбіт жиналыстар өткізудің хабарлама қағидатын бекіту арқылы сөз бостандығы құқығын іске асыруға кепілдік беріледі. Саяси партияларды тіркеудің сандық шегі, саяси партиялардың өңірлік өкілдіктерінің саны, саяси партия құруға арналған азаматтардың бастамашыл тобының саны төмендетілді.

Азаматтық қоғамдар қызметінің жағдайларын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын қамтамасыз ету саласында жұмыс жалғасуда. 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы қабылданды, Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кешенді жетілдіруді көздейтін 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодекске қол қойды. Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерге қатысты «нөлдік» төзімділік саясаты сақталуда, азаптаулар үшін қылмыстық жауапкершілік 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға күшейтілді, күдіктілерге рақымшылық жасауға, ескіру мерзімінің өтуін, шынайы өкіну және тараптардың татуласуын қолдануға тыйым салынды. Тегін заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар тобы кеңейтілді.

Үшінші ӘҚШ өткізу қорытындылары бойынша судьялардың тәуелсіздігі мен кәсібилігінің кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан жүргізген түбегейлі реформалар жоғары бағаланды[xxiii] және Қазақстан Республикасы Үкіметі ӘҚШ қорытындылары бойынша қолдау тапқан ұсынымдарды орындау мақсатында іс-қимылдың кешенді жоспарларын бекітуді, заңнаманы жетілдіруді және институционалдық негіздер құруды қамтитын қажетті шараларды қабылдағаны анықталды[xxiv].

Әрбір циклде Қазақстан елдегі адам құқықтары бойынша қалыптасқан ахуал туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Қазақстан ӘҚШ тетігі шеңберінде халықаралық ұйымдармен, қатысушы мемлекеттермен, мемлекеттік органдармен және Қазақстанның үкіметтік емес ұыймдарымен белсенді ынтымақстастықты жалғастыруда[xxv].

Үшінші шолуды қорғау қорытындысы бойынша 2019 жылы Қазақстан қатысушы мемлекеттерден 245 ұсынымдар алды. Үкіметпен ұсынымдардың 87% (214) қолдау тапты.

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен ӘҚШ ұсынымдарының орындалу барысын қарастыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. 2020 жылдан бастап Әділет министрлігі ӘҚШ және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің шеңберінде ұсынымдардың іске асырылу барысын талқылау бойынша 17 онлайн-кездесуді ұйымдастырды. Отырыстарда елдегі адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар талқыланады, сондай-ақ азаматтық сектордың ұсынымдары тыңдалады.

Осылайша, осы бағыттағы үздіксіз жұмыс барысында 214 ұсынымдардың 25% азаматтық қоғам көтеретін неғұрлым өзекті мәселелер бойынша орындалды, 75%  бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазақстанмен қолдау тапқан алған ӘКШ ұсынымдарын орындау бойынша жұмыс жалғасуда.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, ӘКШ адам құқықтары саласында қабылданған шаралар туралы хабардар ету құралы ғана емес, сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау институтын жетілдіру және халықаралық стандарттарға сәйкестендірудің практикалық тетігі екенін атап өтуге болады.

 

Қосымша ақпарат көздері

[i] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, «Передовые методики ООН: как процесс проведения универсального периодического обзора поддерживает устойчивое развитие», б. 7, https://www.ohchr.org/sites/default/files/2022-02/UPR_good_practices_2022.pdf.

[ii] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, Практическое руководство «Maximizing the use of the Universal Periodic Review at country level», б. 3,

https://www.ohchr.org/sites/default/files/Documents/HRBodies/UPR/UPR_Practical_Guidance.pdf.

[iii] БҰҰ-ның ресми сайты, Бас Ассамблея 2006 жылғы 15 наурызда қабылдаған 60/251 қарар, 5-ші тармақ, (е)-тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/N05/502/68/PDF/N0550268.pdf?OpenElement.

[iv] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, 2007 жылғы 18 маусымдағы 5/1 қарар, пункт 18, https://ap.ohchr.org/documents/r/HRC/resolutions/A_HRC_RES_5_1.doc.

[v] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, 2007 жылғы 18 маусымдағы 5/1 қарар, пункт 21, https://ap.ohchr.org/documents/r/HRC/resolutions/A_HRC_RES_5_1.doc.

[vi] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, 2007 жылғы 18 маусымдағы 5/1 қарар, пункт 27, https://ap.ohchr.org/documents/r/HRC/resolutions/A_HRC_RES_5_1.doc.

[vii] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, 2007 жылғы 18 маусымдағы 5/1 қарар, пункт 33, https://ap.ohchr.org/documents/r/HRC/resolutions/A_HRC_RES_5_1.doc.

[viii] БҰҰ Бас Ассамблеясы 2013 жылғы 13 сәуірде қабылдаған Адам құқықтары жөніндегі кеңестің есебі, «Отсутствие сотрудничества со стороны государства, являющегося объектом обзора, с механизмом универсального периодического обзора», https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G13/127/14/PDF/G1312714.pdf?OpenElement.  

[ix] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, «UNIVERSAL PERIODIC REVIEW: TIPS FOR ENGAGEMENT AT COUNTRY LEVEL FOR NATIONAL HUMAN RIGHTS INSTITUTIONS AND CIVIL SOCIETY», б. 16, https://www.ohchr.org/sites/default/files/Documents/HRBodies/UPR/Tips_21Sept2020.pdf.

[x] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, «Study on Emerging

Good Practices from the Universal Periodic Review», б. 6, https://www.ohchr.org/sites/default/files/Documents/HRBodies/UPR/Emerging_UPR_GoodPractices.pdf.

[xi] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, «Study on Emerging

Good Practices from the Universal Periodic Review», б. 7, https://www.ohchr.org/sites/default/files/Documents/HRBodies/UPR/Emerging_UPR_GoodPractices.pdf.

[xii] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, Практикалық нұсқаулық, «Maximizing the use of the Universal Periodic Review at country level», б. 5, https://www.ohchr.org/sites/default/files/Documents/HRBodies/UPR/UPR_Practical_Guidance.pdf.

[xiii] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, Практикалық нұсқаулық, «Maximizing the use of the Universal Periodic Review at country level», б. 18, https://www.ohchr.org/sites/default/files/Documents/HRBodies/UPR/UPR_Practical_Guidance.pdf.

[xiv] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, Практикалық нұсқаулық, «Maximizing the use of the Universal Periodic Review at country level», б. 22, https://www.ohchr.org/sites/default/files/Documents/HRBodies/UPR/UPR_Practical_Guidance.pdf.

[xv] Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесінің ресми сайты, Практикалық нұсқаулық «Maximizing the use of the Universal Periodic Review at country level», б. 22, https://www.ohchr.org/sites/default/files/Documents/HRBodies/UPR/UPR_Practical_Guidance.pdf.

[xvi] Әмбебап кезеңдің шолу, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 16/21 қарарына қосымшаның 5-тармағының ережелеріне сәйкес ұсынылған Ұлттық баяндама, Қытай, 2018 жыл, 15-тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G18/254/64/PDF/G1825464.pdf?OpenElement.

[xvii] Әмбебап кезеңдік шолу, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 16/21 қарарына қосымшаның 5-тармағының ережелеріне сәйкес ұсынылған Ұлттық баяндама, Бахрейн, 2017 жыл, 3-ші тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G17/031/00/PDF/G1703100.pdf?OpenElement.

[xviii] Әмбебап кезеңдік шолу, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 16/21 қарарына қосымшаның 5-тармағының ережелеріне сәйкес ұсынылған Ұлттық баяндама, Египет, 2019 жыл, 5-ші тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G19/247/54/PDF/G1924754.pdf?OpenElement.

[xix] Әмбебап кезеңдік шолу, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 16/21 қарарына қосымшаның 5-тармағының ережелеріне сәйкес ұсынылған Ұлттық баяндама, Египет, 2019 жыл, 71-тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G19/247/54/PDF/G1924754.pdf?OpenElement.

[xx] Әмбебап кезеңдік шолу, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 16/21 қарарына қосымшаның 5-тармағының ережелеріне сәйкес ұсынылған Ұлттық баяндама, Египет, 2019 жыл, 72-ші тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G19/247/54/PDF/G1924754.pdf?OpenElement.

[xxi] Әмбебап кезеңдік шолу, Әмбебап кезеңдік шолу бойынша жұмыс тобының баяндамасы, Тунис, 2012 жыл, 10-ші тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G17/031/00/PDF/G1703100.pdf?OpenElement.

[xxii] Әмбебап кезеңдік шолу, Әмбебап кезеңдік шолу бойынша жұмыс тобының баяндамасы, Қазақстан, 2019 жыл,  https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G19/308/15/PDF/G1930815.pdf?OpenElement

[xxiii] Әмбебап кезеңдік шолу, Әмбебап кезеңдік шолу бойынша жұмыс тобының баяндамасы, Қазақстан, 2019 жыл, 12-ші тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G19/308/15/PDF/G1930815.pdf?OpenElement.

[xxiv] Әмбебап кезеңдік шолу, Әмбебап кезеңдік шолу бойынша жұмыс тобының баяндамасы, Қазақстан, 2019 жыл, 8-ші тармақшасы, https://documents-dds-ny.un.org/doc/UNDOC/GEN/G19/308/15/PDF/G1930815.pdf?OpenElement.

[xxv] Қазақстанның алғашқы баяндамасы 2010 жылы ұсынылды, оған 127 ұсыным берілген еді, оның 113-і қолдау тапты. Екінші баяндама 2014 жылы ұсынылды, оған 196 ұсыным берілген еді, оның 145-і қолдау тапты. Үшінші баяндама 2019 жылы ұсынылды, оған 245 ұсыным берілген еді, оның 214-і қолдау тапты.

Дата публикации
30 июня 2023
Дата обновления
30 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы