«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі-Заң) 1 – бабының 44-1-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісі-бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат.
Заңның 75-1-бабына сәйкес салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді.
Бекітілген, белгіленген тәртіппен салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- құқық белгілейтін құжат (салынған объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі);
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төленгенін растайтын құжат.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 27 және 31-баптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде құқықты мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатқа жазба жасау болып табылады.