Меню

Страницы

Статья

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріне қатысты сұрақтар мен жауаптар»

Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру мен жүргізудің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары мен құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңында айқындалған.

1. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру мен жүргізудің мақсаты қандай?

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасында сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу негiзiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтердi тiркеудiң бiрыңғай жүйесiне көшу болып табылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 3-бабы).

2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру және жүргізу үшін қандай міндеттер қарастырылған?

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мiндеттерi: мемлекеттiк органдардың ақпараттық дерекқорларына өзектi сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау; электрондық ақпараттық ресурстарды басқару мен пайдалану тетiгiн жетiлдiру; жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгiнуi кезiнде рәсiмдердi жеделдету және оңайлату арқылы жетiлдiру болып табылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 3-бабы).

3. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізу және сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру принциптері қандай?

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзу, сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру заңдылық, бiрлiк, мiндеттiлiк, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау, құпиялылық, электрондық ақпараттық ресурстардың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 4-бабы).

4. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде қандай мәліметтер бар?

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi: жеке тұлғаның туған күнi, жынысы, заңды тұлғаны (филиал мен өкiлдiктi) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiндегi дара кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу туралы деректердi қамтитын сәйкестендiру нөмiрлерi туралы мәлiметтердi; тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерден алынатын мәлiметтердi; сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң құрамына кiретiн мәлiметтердiң барлық өзгерiстерi туралы ақпаратты қамтиды (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 7-бабы).

5. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органның міндеттеріне не кіреді?

Уәкiлеттi орган: тiркеушi органдар өтiнiш берген кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды; тiркеушi органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер өтiнiш жасаған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларға ақпарат берудi жүзеге асыруға мiндеттi (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 8-бабы).

6. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеуші органның міндеттеріне не кіреді?

Тiркеушi органдар: сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уақтылы ұсынуды; сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi ақпараттық жүйелерiнiң деректерiн толықтыру және өзектiлiк жағдайда ұстау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды; сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрлерiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды жүзеге асыруға мiндеттi (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 8-бабы).

7. ЖСН және БСН дегеніміз не?

Жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 1-бабы).

8. Қандай құжаттарда ЖСН бар?

Мыналар: туу туралы куәлік; Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат; қандас куәлігі; азаматтығы жоқ адамның куәлігі; Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;  Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі; жол жүру құжаты жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 9-бабы).

9. Қандай құжаттарда БСН бар?

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттар: резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама; қызметiн филиал мен өкiлдiк арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн – филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама; мыналар: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын; Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі болып табылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 9-бабы).

10. ЖСН кімге беріледі?

Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру: Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн бірінші рет:  туу туралы куәлiктi;    Қазақстан Республикасы азаматының паспортын; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру кезiнде; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірінші рет:  тіркеу куәлігін; Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;  азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кезінде; этникалық қазақтар үшін қандас мәртебесін беру кезінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 9-бабы).

11. БСН кімге беріледі?

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру: бiрлескен дара кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер үшiн бiрлескен дара кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде; резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн оларды тiркеу кезiнде бiр мезгiлде; Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкiлеттiктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн оларды есептiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде; мыналар: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;  Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын; филиал, өкілдік ашпай қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын; Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін; резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кірістер органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 9-бабы).

12. Құжаттар өзгерген кезде ЖСН өзгере ме?

Құжаттарды қайта және кейіннен беру кезінде асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның асырап алу туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін өзгеретін дербес деректері, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разряды оны есептеу алгоритміне сәйкес келмеген жағдайда, асырап алу жағдайларын қоспағанда, жаңа ЖСН қалыптастыру жүргізілмейді(Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 9-бабы).

13. Қандай жағдайларда ЖСН алып тастауға болады?

Жеке сәйкестендіру нөмірі жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шартты түрде шығарылады: жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін, ол туралы мәліметтер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, көлемдерде және мерзімдерде ұсынылады; резидентрезстер Қазақстан Республикасынан кеткен кезде; бала асырап алу туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін (асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде; жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін; жеке тұлға республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда; резидент емес жеке тұлға резидент емес банктегі, резидент емес банк филиалындағы ағымдағы шотты жапқан жағдайда; резидент емес жеке тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқықтары тоқтатылған кезде; резидент емес жеке тұлға Республикадағы кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан жағдайда Қазақстан; бала асырап алу туралы сот шешімі жойылған жағдайда (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 10-бабы).

14. Қандай жағдайларда БСН алынып тасталады?

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен шығарылады: заңды тұлға (филиал, өкілдік) таратылған кезде; қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылған кезде; бірлескен дара кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан кезде; резидент емес заңды тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқықтары тоқтатылған кезде; резидент емес заңды тұлға резидент банктегі, резидент емес банк филиалындағы ағымдағы шотты жапқан жағдайда; резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан шыққан жағдайда (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 10-бабы).

15. Жеке кәсіпкерлер БСН ресімдей ме?

Қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша жүргізіледі.

Қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде жаңа жеке сәйкестендіру нөмірін беру жүргізілмейді.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру бірлескен дара кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер үшін бір мезгілде бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу кезінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 9-бабы).

16. Қандай жағдайларда ЖСН/БСН мәліметтері жария етілмейді?

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәлiметтер: уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерi деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға; заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға; құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға; кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына; орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге; заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға; қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға; электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына; елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де реттерде мәлiметтердi беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 11-бабы).

17. Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?

Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны, атап айтқанда Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді жария еткені, сол сияқты Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 468-бабында көзделген.

18. Онда қалыптастырылған ЖСН/БСН болмаған жағдайда құжаттар жарамсыз деп таныла ма?

Жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; қандас куәлігі; азаматтығы жоқ адамның куәлігі; Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты; Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі; жол жүру құжаты болып табылады.

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру: бiрлескен дара кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер үшiн бiрлескен дара кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде; резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн оларды тiркеу кезiнде бiр мезгiлде; Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкiлеттiктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн оларды есептiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде; мыналар: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын; филиал, өкілдік ашпай қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын; Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін; резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кірістер органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 9-бабы).

Туу туралы куәлiктi қоспағанда, осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 13-бабының 3-тармағы).

19. Шетелдікке ЖСН қалай алуға болады?

ЖСН қалыптастыру үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) болу орны бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт); көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет.

Портал арқылы жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушы өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу; жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт); көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат; көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен немесе оның өкілі.

Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет (ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 3-қосымшасының 8-тармағы).

Дата публикации
19 мая 2023
Дата обновления
19 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы