Меню

Страницы

Статья

Жылжымалы мүлік кепілінің шартын міндетті мемлекеттік тіркеу қажет пе?

          Жылжымалы мүлiк – көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік.

         «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес  мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi заңдарға сәйкес осы мүлiктi тiркеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген орган жүзеге асырады.

         Заңнамада міндетті  мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi тиісті уәкілетті органдар (мысалы, Ішкі істер министрлігі – автокөлік, Ауыл шаруашылығы министрлігі -  ауыл шаруашылығы техникасы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - әуе кемесі, теміржол көлігі) жүзеге асыратыны айқындалған.

         Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүзеге асырады (ақша қаражаты, жарғылық капиталға қатысу үлесі, жабдық, негізгі құралдар, банк салымы, құрылыс материалдары және құрылыс-монтаж жұмыстары түріндегі аяқталмаған құрылыс, мал шаруашылығы субъектілері (мал), мүліктік құқықтар, айналымдағы тауарлар, тауар-материалдық қорлар, тауар-материалдық құндылықтар, өсімдік шаруашылығы өнімдері, астық және т. б.).

         Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тараптардың бірінің талабы бойынша тіркеледі және кепіл туралы осындай шартты тіркеу есептік тіркеу болып табылады. 

         Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен тізбесі «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген (нұсқаулықпен http://10.61.42.188/rus/docs/V990000913_ танысуға болады)

Дата публикации
12 мая 2023
Дата обновления
12 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы