Меню

Страницы

Статья

«Жеке нотариустың әрекеттеріне қалай және қайда шағымдануға болады?»

Нотариус Сіздің құқықтарыңызды, заңды мүдделеріңізді бұзған жағдайда, Сіз нотариустың әрекеттеріне шағымдануға құқылысыз.

Нотариустың әрекеттеріне шағымданудың бірнеше әдісі бар:

1. Аумақтық нотариаттық палатаға өтінішпен жүгіну

(«Нотариат туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1-тармағының 3), 9) тармақшаларының негізінде нотариаттық палата жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді; сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық қызмет мәселелері бойынша жолданымдарын қарайды)

(мекен-жайды Google-да іздеу жолына теру арқылы табуға болады мысалы: Ақмола облысының нотариаттық палатасы)

2. Дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелерді қамтитын өтінішпен аумақтық әділет органына жүгіну.

(Өтінішті қағаз түрінде беруге болады (мекен-жайын Google-да іздеу жолына теру арқылы табуға болады мысалы: Ақмола облысының Әділет департаменті)

және (немесе) электрондық нысанда («электрондық үкімет» порталы және «Е-өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы)

(Заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес жеке практикамен айналысатын нотариустардың ҚР заңнамасы мен іс жүргізу ережелерінің талаптарын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады).

Аумақтық әділет органы Сіздің өтінішіңіздің негізінде тиісті тексеру жүргізеді.

3. Нотариустың әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдану (егер сотқа дейінгі реттеу тәртібі таусылса, яғни жоғарыда көрсетілген тәсілдер).

(Жасалған нотариаттық әрекетті немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тартуды дұрыс емес деп санайтын мүдделі тұлға бұл туралы нотариус немесе нотариаттық әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адам тұрған жер бойынша сотқа шағым беруге құқылы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 364-бабына сәйкес).

Біліңіз!

Нотариус заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық, тәртiптiк және өзге де түрде жауапты болады. (Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес).

Нотариустардың заңнаманы бұзуы туралы мәселелер Әділет министрлігінің бақылауында болады және нотариустар нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде заңнаманы бұзу фактілерін растаған кезде әділет органдары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру жөнінде шаралар қолданады.

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы