Меню

Страницы

Статья

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру (туу, неке қию және бұзу, қайтыс болу туралы куәліктер беру бойынша)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңы шеңберінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне өзгерістер енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электрондық нысанда беру қарастырылған. Енді, қажет болған жағдайда, азамат құжаттың электрондық нұсқасын ұсына алады. Азаматтарға қалауы бойынша қағаз жеткізгіште куәліктер мен анықтамалар беріледі.

Қазіргі уақытта, азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін Қағидаларда, электрондық үкімет порталы арқылы қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініш беру және цифрлық куәлік беру мүмкіндігі көзделген.

Қолданыстағы заңнама азаматтарға қалауы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу саласында қағаз куәліктерін алуға ешқандай шектеу қоймайды.

Осындай ақпараттық өзара іс-қимылдың арқасында азаматтар интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы өтініштер беру және куәліктер мен анықтамалар алу).

Аталған новеллалар азаматтардың уақыт және қаражат шығындарын қысқарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесін толықтай цифрлық форматқа көшіру мүмкіндігін береді.

Дата публикации
27 марта 2023
Дата обновления
27 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы