Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында бес бағыттар (1. Жаңа экономикалық саясат, 2. Нақты секторды дамыту, 3. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, 4. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, 5. Заң және тәртіп) бойынша мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық басымдықтарын атап өткен.
Атап айтқанда, Президент үшінші бағыт шеңберінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) таза пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына (бұдан әрі – Қоғамдық қор) аударуды тапсырды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңына түзетулер енгізілген, оларға сәйкес жалғыз акционердің шешімі бойынша және ол айқындайтын тәртіппен Қор жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға Қордың таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.
Жоғарыда аталған нормаға сәйкес Ұлттық экономика министрлігімен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі.
Атаған Қағидалар «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу тәртібін айқындайды.
Қоғамдық қордың Жарлығына сәйкес оның қызметінің мақсаттарына Қоғамдық қордың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету, азаматтардың рухани, танымдық және өзге де гуманистік қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру үшін қоғамдық денсаулық, білім, ғылым, мәдениет, өнер, ағарту салаларында қайырымдылық жобаларын іске асыру және т.б. жатады.
Бұл ретте Қордың Қоғамдық қорға бөлінген қаражатты беруі Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту және таза кірісін бөлу туралы мәселелерді жыл сайынғы қарау шеңберінде қабылданатын Қордың жалғыз акционерінің (ҚР Үкіметі) тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Жоба Әділет министрлігімен келісілген және қазіргі уақытта ҚР Үкіметі Аппаратының қарастыруда.