Меню

Страницы

Статья

2022 жылы зияткерлік меншік саласында анықталған бұзушылықтар бойынша мониторинг

Әділет, ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдарымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар қабылдануда.

2022 жылы аумақтық әділет органдарымен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін пайдалану бойынша 2 тексеру жүргізілді. Осыған байланысты жүргізілетін тексерулер саны азайды. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 2 құқық бұзушылық анықталды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 158-бабы бойынша 2 іс қозғалды, әкімшілік жауапкершілікке 2 тұлға тартылды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 245 мың 040 теңгені құрады. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 1 млн. 656 мың 240 теңгеге 746 контрафактілік өнім тәркелінді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229
«Қазақстан Республикасыда ексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізілмейді.

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтармен байланысты қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған кешенді міндеттерді жүзеге асырады.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК)
198-бабы бойынша (авторлық құқық бұзушылық және сабақтас құқықтар) іс жүргізуде 8 қылмыстық іс болды.

Іс жүргізуде табылған істердің ішінен 2 іс аяқталды, 2 іс бойынша тергеу мерзімдері үзілді.

Құқық иеленушілердің болмауы және залалдың шамалы болуы (200 АЕК-тен кем) себебінен қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты (ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 35-бабына және 36-бабының 1-бөлігі) 16 материал бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.

2022 жылдың 25-27 сәуір аралығында, сонымен қатар 26-28 шілде аралығында республика аумағында ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімді заңыз тарататын адамдарды анықтауға бағытталған «Anti-Fraud» және «Контрафакт» жедел алдын-алу іс шаралары өткізілді.

Заңсыз айналымнан 2136 бірлік контрафактілік өнім, оның ішінде 1795 контрафактілік СD-DVD дискі, 105 – лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулер және 17 өзгеде өнімдер (флэш-карталар, компьютерлер) тәркелінді.

Бұдан басқа, ішкі істер органдарымен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау желісі бойынша қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға ерекше назар аударылады.

Жыл сайын ведомстволық оқу орындарында құқық иеленушілердің, сондай-ақ шетелдік және отандық сарапшылардың қатысуымен біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

Мәселен, 12-14 қазан аралығында М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының базасында киберқылмысқа қарсы күрес бойынша желіге бекітілген барлық қызметкерлердің слеті өткізілді, онда киберқылмыстарға қарсы іс-қимылды, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік кірістер органдарының Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде 2022 жылы 8011 тауар атауы бойынша 870 тауар белгісі (244 құқық иеленуші) бар.

Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі негізінде 2022 жылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалпы құны 12,9 млн. АҚШ долл. болатын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар  тауарға арналған декларациялар бойынша 638 тауарларды шығару тоқтатылды.

2022 жылы шетелдік тауарларға қатысты құқық иеленушілердің сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты тоқтатылған тауар декларациялары бойынша өтініштері негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша 11 әкімшілік материал жасалды және сот кейіннен жойыла отырып, 23 426 бірлік тауарды тәркіледі, сондай-ақ 949 530 теңге сомасында айыппұл салды.

Бұдан басқа, ҚР ҚК 222-бабына сәйкес бұзушылық белгілері бойынша Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының  Экономикалық тергеу департаменттеріне іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін 24 680 тауар бірлігі бойынша жалпы сомасы
98 628 993 теңгеге 2 материал жіберілді.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына байланысты сотқа дейінгі 8 тергеуді тіркеді, оның ішінде ҚК-нің 198-бабы («Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы») бойынша - 2 іс, ҚК-нің 222-бабы бойынша («Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, географиялық нұсқауды және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану») - 6 қылмыстық іс.

Сонымен қатар, «The Procter & Gamble Company» компаниясына және «Август» фирмасына тиесілі түрлі маркалы тұрмыстық химия контрафактілік өнімдерін өндіру бойынша екі жасырын цехтың қызметі тоқтатылды, келтірілген залал сомасы
25,5 млн. теңгені құрайды.

2022 жылы Әділет министрлігі жанындағы аппеляциялық кеңеспен 19 отырыс өткізілді, олардан – 86 шешім қабылданды, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 26, бас тартылғаны – 43, ішінара қанағаттандырылды – 17, қараудан бас тартылды – 0.
86 шешімнің ішінде 16 шағымданды.

Дата публикации
27 февраля 2023
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы