Меню

Страницы

Статья

Шетелдік азаматқа алимент алуға қалай өтініш беруге болады

Басқа шет мемлекеттің аумағында алимент өндіріп алу бойынша құқықтық көмек көрсету Қазақстан Республикасы ратификациялаған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы халықаралық шарттармен және Конвенциялармен регламенттелген.

1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск қаласында қабылданған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Конвенция (Минск конвенциясы).

2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында қабылданған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Конвенция (Кишинев Конвенциясы).

2007 жылғы 23 қарашада Гаагада қабылданған «Алимент алуды халықаралық қамтамасыз ету және отбасын қолдаудың басқа түрлері туралы» Гаага Конвенциясы. (Австралия, Бельгия, Қытай, Франция, Германия, Греция, Италия, Жапония, Люксембург, Голландия, Норвегия, Португалия, Испания, Швейцария, Түркия)

1993 жылғы 22 қаңтардағы, 2002 жылғы 7 қазандағы Конвенциялар жекелеген ТМД елдерінің аумағында сот актілерін тану тәртібін көздейді.

Жоғарыда аталған Конвенцияларға сәйкес шарттарға қатысушы елдер құқықтық көмек көрсету кезінде бір-бірімен орталық органдар арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Өз пайдасына алимент өндіріп алу туралы сот шешімі шығарылған тұлға, сот шешімін орындау үшін, халықаралық шартқа сілтеме жасай отырып, шет мемлекеттің сот органдарына жолданған шешімді және оны орындауға рұқсатты тану туралы өтінішті ресімдеу қажет. Өтінішхатқа қоса келесідей құжаттар беріледі:         

- сот шешімі немесе оның куәландырылған көшірмесі;

- егер бұл сот шешімінің өзінен туындамаса, шешімнің заңды күшіне енуі туралы анықтама;

- шешімді жөнелту сәтінде оның ішінара орындалғанын немесе орындалмағанын растайтын анықтама;

- жауапкерге сот талқылауының күні мен орны туралы тиісті хабарлау туралы анықтама.

Сондай-ақ сот құжаттарын жіберу үшін және шет мемлекеттің аумағында орындау үшін, 2007 жылғы 23 қарашада Гаагада жасалған Алимент міндеттемелеріне қолданылатын құқық туралы хаттамада (бұдан әрі-Хаттама) көзделген өтініш берудің тиісті тәртібі белгіленген.

Балаларға және отбасын асыраудың басқа да нысандарына алимент өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы Конвенцияның 9-бабына сәйкес өтініштер өтініш беруші тұратын Уағдаласушы Мемлекеттің орталық органы арқылы сұрау салынатын Мемлекеттің орталық органына берілуге тиіс.

Барлық өтініштерде келесі мәліметтер қамтылады:

a) өтініштің немесе өтініштердің мәнін көрсету;

b) өтініш берушінің аты-жөні мен байланыс деректері, оның ішінде мекен-жайы мен туған күні;

c) жауапкердің аты-жөні, егер белгілі болса, мекен-жайы және туған күні;

d) пайдасына алимент сұратылатын тұлғалардың аты-жөні мен туған күні;

e) өтініш негізделген негіздер; 

f) егер өтінішті кредитор берсе, онда алиментті қайда жіберу немесе электрондық нысанда аудару керектігі туралы ақпарат;

g) шешімді тану немесе тану және орындау, сондай-ақ шешімді тану өтініштерін қоспағанда, немесе тоқтата тұруға әкеп соғатын немесе сұрау салынатын мемлекетте шығарылған алдыңғы шешімнің орындалуын шектейтін баламалы рәсім;

h) өтінішті өңдеуге жауапты және сұрау салушы Мемлекеттің орталық органы тұлғасының немесе бөлімшесінің аты және байланыс деректері.

Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ сот шешімдерін және соттардың өзге де ресми құжаттарын орындалуы туралы өтінішхаттар бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі Департаменті уәкілетті болып табылады.

Дата публикации
30 декабря 2022
Дата обновления
17 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы