Қазақстан Республикасының аумағында балық аулау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген балық аулау қағидаларына (бұдан әрі – Балық аулау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстанда балық аулау келесі түрлерге бөлінеді:
1) кәсіптік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу аулау;
4) бақылау аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау.
Егер Сіз балық аулаумен айналысуды ауланған өнімді жеке тұтыну үшін, сондай-ақ кәсіптік балық аулау түріндегі кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін шешсеңіз, онда алдымен белгілі бір рұқсат құжаттарын рәсімдеуіңіз керек.
1. Қандай балық аулауды әуесқойлыққа жатқызуға болады?
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.
Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде, сонымен қатар жануарлар дүниесін пайдаланушымен белгіленген арнайы орындарда, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде рекреациялық балық аулау үшін пайдаланылады.
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады (Балық аулау қағидаларының 18-20 тармақтары).
2. Балық шаруашылығы су айдындарында әуесқойлық балық аулауды жүзеге асыруға қандай құжаттар құқық береді?
Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке адамдарға жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру кезінде өзімен бірге:
1) жолдама (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде);
2) рұқсат (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес килограммнан астам балық және басқа да су жануарларын аулау кезінде);
3) жеке басты куәландыратын құжат болады (Балық аулау қағидаларының 21-22 тармақтары).
3. Балық аулауға арналған жолдаманы рәсімдеу тәртібі қандай?
Жолдама аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсiмен жеке тұлғаның өтiнiшi (ауызша немесе жазбаша) бойынша бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне бөлiнген квота шегiнде бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн берiледi.
Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берiлген жолдамаларды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу жолымен есепке алады. Журнал нөмiрленеді, тігіледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен куәландырылады.
Аң аулауға және балық аулауға жолдама беруден:
1) Заңның 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес бекітілетін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталары болмаған не аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілері оларды толық игермеген;
2) Заңның 38-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аңшы (аң аулау үшін) куәлігі болмаған;
3) Заңның 9-бабы 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес қабылданатын жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу туралы шешімге сәйкес орындар мен мерзімдерде, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде белгіленетін оларды пайдалану орындары мен мерзімдерінде жануарлар дүниесін пайдалануға шектеу қойылған және тыйым салынған;
4) аңшылық алқаптарда бір мезгілде Заңның 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бойынша аңшылық алқаптардың өткізу қабылетімен айқындалған аңшылардың барынша шекті мөлшері болған жағдайларда бас тартылады (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» бұйрығының 2,4,5-тармақтары).
4. Қандай тәсілдермен балық аулауға тыйым салынады?
Мына:
үшкір аулау құралдарын (шанышқы, найза, қапқан), өздігінен аулау құралдарын (ілмек, тартпа, артпа), жарылғыш және уландырғыш заттарды, сондай-ақ оқпен атылатын қаруларды қолдана отырып;
қолдануы Балық аулау қағидаларында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10266 тіркелген) Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне енгізілмеген балық аулау құралдарымен, әдістермен және тәсілдермен;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 тіркелген) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес нысан бойынша балық аулау қағидаларында және жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатында көзделген тор көзі кіші аулау құралдарын қолдана отырып;
үркіту, сылдырлау арқылы шошыту, қуалау тәсілдерімен;
балық аулау қағидасында белгіленген кәсіпшілік мөлшерден аз балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынсын (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығына 1-қосымшаның 1 тарауының 5- тармағының 1), 2), 3), 6), 7) тармақшалары).
5. Қандай жерлерде балық аулауға тыйым салынады?
Мына:
осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде, мерзімдерде және орындарда;
осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығына 1-қосымшаның 1 тарауының 5- тармағының 4), 5) тармақшалары).
6. Кәсіптік балық аулауды жүзеге асыруға қандай талаптар қойылады?
Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстары мен басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Заңның 34-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылады.
Жағалауда аулау бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, ұйықтарда (ұйықтық учаскелерінде) жүзеге асырылады.
Теңізде аулау бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
1) рұқсат;
2) жергілікті атқарушы органмен балық шаруашылығын жүргізуге шарты болған кезде беріледі.
Кеме капитаны, бригадир, звеньевой немесе кәсіпшілік балық аулау кезіндегі жауапты тұлға, кеменің бортында, сонымен қоса балық кәсіпшілік учаскесінде:
рұқсатты;
балық шаруашылығы субъектісі немесе жануарлар дүниесін пайдаланушы қолымен бекітілген және аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылған, тігілген және нөмірленген кәсіпшілік журналды өздерімен бірге алып жүреді (Балық аулау қағидаларының 11-15-тармақтары).
7. Балық шаруашылығын пайдалану құқығын қалай рәсімдеуге болады?
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 40-бабының 1-тармағы).
Конкурсқа қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.
Конкурсқа қатысушы веб-порталы арқылы өтінім береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрығының 23-24 тармақтары).
8. Балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін бекіту бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар қарастырылған ба?
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және жергілікті балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда);
4) аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер (электрондық көшірмесі);
4) өтініш берушіде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомствоның ғылыми ұйымының қорытындысымен расталған Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы.
шарбақтық және (немесе) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) тауарлық балық өсіруді жоспарлау кезінде даму жоспарларында бекітілген көлемдерден жоғары, балық шаруашылығы су айдыны және (учаскесі) үшін конкурсқа қатысушы ұсынған түпкілікті бағаға әрбір 10 тонна үшін ұсынылған бағаны 1%-ға ұлғайту көзделеді (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрығының 2 бөлімнің 2-тармағы).
9. Аулауға рұқсат етілген балықтың мөлшері қандай критерийлер бойынша анықталады?
Балықтың кәсіпшілік мөлшері - тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенетін (аузы жабық кезде) аулауға жол берілетін балық өлшемі.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсіпшілік мөлшері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Салыстыру үшін: балық ресурстарының кәсіптік өлшемі, сантиметрмен (бұдан әрі-см):
Шардара су қоймасы және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Сырдария өзені сазан - 35, көксерке - 38, ақ амур және дөңмаңдай - 45, жайын - 65, патшабалық - 17, қылышбалық - 31, ақмарқа - 31, айнакөз - 18.
Балқаш көлі, сағадан Қапшағай су қоймасына дейінгі Іле өзені, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз өзендері, осы өзендердің барлық жылғалары мен саяаларын қоса алғандағы атыраулық және жайылымдық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан - 40, табан - 19, ақмарқа - 37, көксерке - 37.
Бұктырма су қоймасы, Зайсан көлі және Зайсан көліне құятын жерден ҚХР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзені
Кәсіпшілік балық мөлшері см: сазан - 45, көкшұбар балық - 19, көксерке - 38, шортан – 32 (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген Балық аулау қағидалары).
10.Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері және оларды есептеу тәртібі қалай айқындалады?
Төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді және жануарлардың санын немесе салмағын (су жануарларының жекелеген түрлері үшін) негізге ала отырып есептейді.
Қазақстан Республикасында аң аулауды жүргізу кезінде шетелдіктер үшін төлемақы сомасын есептеу кезінде белгіленген мөлшерлемелерге 10-ға тең коэффициент қолданылады.
Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша АЕК-тің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша АЕК-тің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:
ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.
Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақыны төлеу күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі) Кодексінің 582-583 баптары).
11. Балық аулау ережелерін бұзған кезде әкімшілік жауапкершілік қарастырыла ма?
Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 383-бабының 1-2 бөлігі ).
12. Балық аулау ережелерін бұзу саласында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ба?
Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу, егер бұл іс-әрекет:
1) айтарлықтай залал келтіре отырып;
2) жарылғыш немесе химиялық заттар, электр тогы не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерін жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерi қолданыла отырып жасалса, –
мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық кодексiнің 335-бабының 1-тармағы).