Меню

Страницы

Статья

Конституциялық Сот

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын, сондай-ақ а.ж. 8 маусымда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Туралы» Конституциялық заңы қабылданды.

Конституциялық Сот 2023 жылғы 1 қаңтардан жұмыс істей бастайды.

Конституциялық сот – бұл мемлекеттің конституциялық негіздерін және адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемдік модель.  Конституциялық Сот актіні, сонымен қатар, оның негізінде сот шешімі шығарылатын заңды қайта қарауға құқылы болады.

Қабылданған Конституциялық заңның басты новелласы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Бас Прокурорға және ең бастысы азаматтарға конституциялық бақылау органына жүгіну құқығын беру болып табылады.

Бұл кез келген НҚА Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан қаралуы мүмкін дегенді білдіреді – бұл министрліктердің бұйрықтары, әкімдердің нормативтік актілері, Үкімет қаулылары және т.б.

Қазір НҚА-ға дау азаматтық процестің ережелері бойынша жалпы юрисдикция соттарында жүзеге асырылады.

Нәтижесінде, бұл жаңалықтар Негізгі заңға сәйкес құқықтық жүйенің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кепілдіктерін және елдегі заңдылық режимін нығайтуға, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.

Дата публикации
08 декабря 2022
Дата обновления
08 декабря 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы