Меню

Страницы

Статья

Цифрландыру

2019 жылғы желтоқсаннан бастап Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын цифрландыру, дамыту, автоматтандыру, «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базаларын, «Азаматтық хал актілерін жазу» ақпараттық жүйелесін (бұдан әрі – «АХАЖ»), «АХАЖ мұрағатының кіші жүйесі», «Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі», «Е-Zan’nama», «E-saraptama», «Е-апостиль» сервистік бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі, бюджет қаражатын жоспарлау және есептеу, бағдарламалық және техникалық құралдарды жеткізуді ақпараттандыру қызметтері бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу, министрліктің ұлттық тізілімдерін дамытуды қамтамасыз ету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті құрылды (бұдан әрі - Департамент).

Цифрландыру мәселелерін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде 28 жобаны іске асыруды көздейтін digital Justice – цифрлық Әділет бағдарламасы қабылданды.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша

Бүгінгі таңда Министрліктің 49 қызметінің 48-і электрондық форматқа ауыстырылды.

Кейбір қызметтер бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін қағаз тасығышта көрсетудің баламалы нысаны қалдырылды.

Барлық қызметтерді «eGov mobile» мобильді қосымшасына көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондықтан азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша 29 қызмет, 8 кіші түр, 11 сервис және 4 цифрлық куәлік және 1 цифрлық құжат – техникалық паспорт қолжетімді.

Департамент мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша 20-дан астам жобаны іске асырды, оның ішінде :

- жылжымайтын мүлік бойынша нотариалды куәландырылған мәмілелерді электрондық тіркеу енді 2 сағат ішінде көрсетіледі;

- жылжымайтын мүлік бойынша нотариатсыз мәмілелерді тіркеу мерзімі 1 күнге дейін қысқартылды;

- Blockchain көмегімен кепіл шартын ресімдей отырып, әзірлеушіден жылжымайтын мүлікті электрондық сатып алу;

- азаматтық хал актілерінің қайталама куәліктерін беру және басқалар.

Департамент мұнымен тоқтап қалмай, дебюрократизациялау және танымал мобильді қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауда.

Дата публикации
28 ноября 2022
Дата обновления
28 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы