Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік саласын дамытудың 2021 - 2025 жылдар кезеңіне арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік саласын

дамытудың 2021 - 2025 жылдар кезеңіне арналған

тұжырымдамасын бекіту туралы

        

        

         2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік саласын дамытудың 2021 – 2025 жылдар кезеңіне арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) бекітілсін.
  2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

         1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

         2) есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (келісу бойынша) есепті жылдан кейінгі жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

        

        

         Қазақстан Республикасының

                   Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

ПП РК
Дата публикации
06 декабря 2020