2025 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Әділет органдары қызметкерлері мен азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру үшін 2025 жыл қорытындысы бойынша аумақтық әділет органдары бұқаралық ақпарат құралдарында 1150-ден астам сөз сөйледі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді, дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізілді.

Жыл сайын Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» («Коррупция – болезнь, борьба с ней – наш долг») қағидатын санаға сіңіре отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинарды арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттері, жалпы білім беретін орта мектептердің оқушылары арасында өткізу, сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сияқты іс-шаралар көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

Аталған жоспарды орындау мақсатында әділет органдары қызметкерлері оқу орындарында 130 семинар және дәрістер өткізді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарын көрсету және қызметкерлердің санасында сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру мақсатында аумақтық әділет органдары қызметкерлері үшін тергеу изоляторларына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, Әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша БАҚ-да мақалалар шығарылып, Әділет департаменттерімен атқарылған
іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ведомстволық бағынысты ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларының сақталуы және мүдделер қақтығысының алдын алу тұрғысынан ішкі тексерулер жүргізілді.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс - қимылға бағытталған құжаттар қабылдап, ресми интернет ресурсында жарияланды.

Бұдан басқа, комплаенс-офицерлермен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануды жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде.

Дата публикации
10 февраля 2026