Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

_____________________________________________________________________________________

 

 

 

2020 жылғы 20 қарашадағы №633 БҰЙРЫҚ                        ПРИКАЗ

 

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                           г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2015 жылғы 1 қыркүйекте Руслан Төлеуханұлы Құдабайға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 15015881 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үш жыл мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. 2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Р.Т.Құдабайдың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры Б.С. Атағазиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі:

  1. Ақмола облысы Әділет департаментінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 07-19/И-1187 ұсынуы және Р.Т.Құдабайдың 2020 жылғы 23 қазандағы арызының көшірмесі.                

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

 

 

 

Дата публикации
20 ноября 2020