Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

_____________________________________________________________________________________

 

 

 

2020 жылғы 19 қарашадағы №630 БҰЙРЫҚ                       ПРИКАЗ

 

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                           г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 17 сәуірде Наукан Каримович Казбековтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19008839 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үш жыл мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. 2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Н.К.Казбековтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры Б.С. Атағазиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі:

  1. Ақмола облысы Әділет департаментінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 07-19/И-1188 ұсынуы және Н.К.Казбековтың 2020 жылғы 12 қазандағы арызының көшірмесі.             

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

 

 

 

Дата публикации
20 ноября 2020