Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

_____________________________________________________________________________________

 

 

 

2020 жылғы 19 қарашадағы № 622 БҰЙРЫҚ                       ПРИКАЗ

 

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылғы 4 қазанда Шолпан Пернебаевна Балкееваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001435 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. 2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:

1) Ш.П.Балкееваның адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2) Ш.П.Балкееваның адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізу бойынша шараларды қабылдасын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С.Атағазиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі:

  1. Қызылорда облысы әділет департаментінің 2020 жылғы 19 қазандағы  № 4-6/1712 ұсынуы және 2020 жылғы 28 қыркүйектегі  №20-643-20-0002011 қайтыс болу туралы акт жазбасының көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                            А. Әмірғалиев

 

 

Дата публикации
19 ноября 2020