Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 52 мемлекеттік қызмет бекітілген.
Оның ішінде электронды форматта - 34, электронды-қағаз түрінде – 18.
52 мемлекеттік қызметтің 32 түрін әділет органдары, 27 түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ көрсетеді.
Бақылау іс-шараларына қатысты
Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау нысанына бақылау шараларын өткізу бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында 2025 жылдың 1-тоқсанында 7 тексеріс жүргізілді (Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана, Алматы қалалары Әділет департаменттері).
2025 жылдан бастап жіберілген бұзушылықтардың саны – 24 (мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында заң талаптарын бұзудағы өзге бұзушылықтар - 24).
Мемлекеттік қызмет алушы тарапынан дәлелін тапқан шағымдар және олар бойынша қабылданған шараларға қатысты
Бөлімшелердің мәліметтеріне сәйкес, есепті кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дәлелін тапқан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуларға қатысты
2025 жылдың 2-тоқсанында (есеп нысанына сәйкес) 2 437 жеке және 43 заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, олардың ішінде электрондық түрде жеке тұлғаларға – 2421, заңды тұлғаларға – 0, қағаз жүзінде жеке тұлғаларға – 16, заңды тұлғаларға – 43 бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы қызметалушыларды ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысты
Есепті кезеңде әділет органдары 200 112 адам санын қамтитын 637 түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларға қатысты
2025 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан әділет органдарының 27 қызметкері өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзу бойынша
2025 жылдың 2-тоқсанында мерзімдерді бұзудың 2 фактісі тіркелді, қабылданған шаралар – 2.
- «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттік қызметін көрсетудің 1 фактісі (Б.Е.Омарованың 18.03.2025ж. №KZ41RGD00009878 өтінімі).
Орын алған бұзушылықтар үшін ШҚО ӘД бас маманы М.Е.Есенова «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды (11.04.2025ж. №02-08/73 бұйрығы). ӘД басшысының орынбасарына қатысты ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан 05.05.2025ж. әкімшілік хаттама толтырылды.
- «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетудің 1 фактісі (Д.М. Джадманованың 24.06.2025ж. №Д/07277 өтінімі). Аталған факті бойынша тәртіптік шара қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен бірге, А.М. Алыбекованың 2025 жылғы 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша мерзім бұзу фактісінің анықталуына орай, 2025 жылғы 1-тоқсандағы есебінің 10 және 10.1-тармақтарына толықтырулар енгізіледі.