Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

______________________________________________________________________________________

 

 

 

БҰЙРЫҚ                                                                                      ПРИКАЗ

 

__________                                                                                            __________

     

Нұр-Сұлтан қ-сы                                                                                                                                          г. Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылғы
    20 сәуірде Гульнара Каиржановна Калиеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000621 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті:

         1) Г.К. Калиеваның адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Г.К. Калиеваның адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры Б.С. Атағазиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 13.08.2020 ж.      №  5-5849 ұсынысы және 14.07.2020 ж. № 20-615-20-0001587 акт жазбасының көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

 

 

Дата публикации
09 ноября 2020