Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

______________________________________________________________________________________

 

БҰЙРЫҚ

 

 

 

ПРИКАЗ

 

___________________

 

Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

 

№__________________

 

город Нур-Султан

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен Сабина Полатовна Бейсебековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылдың 13 тамызында берілген № 12008617 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2021 жылдың 1 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.П. Бейсебекованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.П. Бейсебекованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры Б.С. Атағазиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус С.П. Бейсебекованың 2020 жылғы 16 қыркүйектегі өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 2-06/3782-И ұсынуы

 

Вице-министр                                                                                  А. Әмірғалиев

Дата публикации
09 ноября 2020