БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы 1-тарауының екінші тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Қағидалар «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілу тәртібі мен шарттарын айқындайды және Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою құқығы бар облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қолданады.»;
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына 1-қосымшаның бірінші тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Қызмет берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші.».
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі М. Бекетаев