Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша 2025 жылғы 1-тоқсандағы есебі

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 52 мемлекеттік қызмет бекітілген.

Оның ішінде электронды форматта - 34, электронды-қағаз түрінде – 18.

52 мемлекеттік қызметтің 32 түрін әділет органдары,  27 түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ көрсетеді.

Бақылау іс-шараларына қатысты

Министрліктің  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау нысанына бақылау шараларын өткізу бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында 2025 жылдың 1-тоқсанында 7 тексеріс жүргізілді  (Алматы, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жетісу, Түркістан облыстары және Шымкент қ. Әділет департаменттері).

Тексеріс нәтижелері бойынша 2024 жылы жіберілген бұзушылықтардың саны – 11 (бизнес-процестерді бұзу – 3, өзге бұзушылықтар - 8).

2025 жылдың 1-тоқсанында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет алушы тарапынан дәлелін тапқан шағымдар және олар бойынша қабылданған шараларға қатысты  

Бөлімшелердің мәліметтеріне сәйкес, есепті кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дәлелін тапқан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуларға қатысты 

2025 жылдың 1-тоқсанында (есеп нысанына сәйкес) 1925 жеке және 28 заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, олардың ішінде электрондық түрде жеке тұлғаларға – 1917, заңды тұлғаларға – 0,  қағаз жүзінде жеке тұлғаларға – 8, заңды тұлғаларға – 28 бас тарту.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы қызметалушыларды ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысты      

Есепті кезеңде әділет органдары 184 906 адам санын қамтитын 621 түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру  курстарынан өткен тұлғаларға  қатысты

2025 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан әділет органдарының 13 қызметкері өтті.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзу бойынша

          Есептік кезеңде мерзімдерді бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Есеп
Дата публикации
14 апреля 2025