Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және мемлекеттік тіркеу рәсімін орталықтандырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат) бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат) 37-тармағы бірінші бөлігінің тоқтата тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып:
«37. Нормативтік құқықтық актіні орталық органдар, сондай-ақ «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі жоқ Нұр-Сұлтан қаласының және Қарағанды облысының жергілікті органдарының нормативтік құқықтық актілері үшін – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице-министр), қалған жергілікті органдар үшін – аумақтық әділет органының басшысы не оның міндетін атқарушы адам мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі МО ИП-та электронды түрде беріледі және электрондық тіркеу бақылау карточкасында көрсетіледі.»;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысымен бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларының 40-тармағы тоқтата тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:
«40. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 44-бабының негізінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін олар әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Орталық әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, сондай-ақ «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі жоқ Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының жергілікті органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне міндетті түрде келісуге жіберіледі.
Қалған жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары аумақтық әділет органдарына міндетті түрде келісуге жіберіледі.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин