2024 ЖЫЛҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

Әділет министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Заңға және Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына (2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрықпен бекітілген) сәйкес проблемаларды, үрдістерді анықтау және заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдарды қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдардың 2024 жыл бойынша жүргізген құқықтық мониторинг нәтижелеріне қорытындылау және талдау жүргізді.

Құқықтық мониторинг нәтижелері келесі ақпаратты қамтиды:

1. заңнамалық актілерде, Үкімет қаулыларында, мемлекеттік органдардың (орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың)нормативтік құқықтық актілерінде анықталған құқық нормаларының кемшіліктері туралы;

2. құқық нормаларының кемшіліктерін жою бойынша мемлекеттік органдардың атқарған жұмысы туралы;

3. Әділет министрлігінің Үкіметтің норма шығару қызметін үйлестіретін орган ретіндегі қызметі туралы;

4. құқықтық мониторинг жүргізу тәсілдерінің өзгеруі туралы;

5. құқықтық мониторинг сапасын жақсарту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар.

 

Ақпарат
Дата публикации
14 февраля 2025