Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 59 от 29.01.2025

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы
2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ляйла Амитовна Жумагуловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 19 қаңтарда берілген № 22000692 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Л.А. Жумагулованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы қаулысы, 2025 жылғы 22 қаңтардағы сенімхаты бойынша өкілі  Р.Б. Наурызбаевтың  өтініші.

  

Вице-министр                                                                  Б. Жақселекова

Дата публикации
31 января 2025