№ 58 от 29.01.2025
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Алия Амангельдиевна Ботанованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2011 жылдың 01 тамызында берілген № 0003431 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылдың 26 сәуірдегі № 358 бұйрығының күші жойылсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын нотариус А.А. Ботанованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Негізі: 2024 жылдың 12 тамызындағы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі (№5294-24-00-4/862).
Вице-министр Б. Жақселекова