Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы

Президенттің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Құқықтық саясат тұжырымдамасы ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйесін, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметті дамытудың, сондай-ақ құқықтық ағарту мен құқықтық насихаттың басым бағыттарын айқындайтын бағдарламалық құжат болып табылады.

Тұжырымдама ең алдымен құқықтық саясаттың ашықтығына және Мемлекет Басшысы бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жүргізіліп жатқан реформаларға сенімді арттыруға бағытталған.

Тұжырымдамада келесі 5 бағыт бойынша көрсеткіштер қамтылған:

– World Justice Project құқық үстемдігінің индексі (2030 жылға дейін 0.60 балдан төмен емес);

– Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (2030 жылға дейін 55 балдан төмен емес);

– Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Полиция қызметтерінің сенімділігі» (2030 жылға дейін 60 орыннан төмен емес);

– Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Сот жүйесінің тәуелсіздігі» (2030 жылға дейін 50 орыннан төмен емес);

– Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (2030 жылға дейін 80 процентильден төмен емес).

Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Үкіметтің 2022 жылғы
29 сәуірдегі № 264 қаулысымен 104 тармақты қамтитын (оның ішінде
41-орындалды, 63-орындалуда)
2030 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген.

Іс-қимыл жоспарына сәйкес 2022 жылы орындауға 15 тармақ қарастырылған (5, 6, 16, 19, 22, 45, 55, 65, 66, 68, 74, 75, 82, 83, 100-тармақтар), оның ішінде 13 тармақ орындалды, 2 тармақ орындалуда
(6, 75 тармақтары бойынша орындау мерзімдері ұзартылды).

6-тармақпен заңдардағы артық нақтыланған нормаларды анықтау және оларды қайта қараудың орындылығын қарау көзделген (орындау мерзімі - 2022 жылғы желтоқсан, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ақпарат, орындаушылар - Әділетмині, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар).

Аталған тармақ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Мемлекет басшысы жарлығының шеңберінде орындалуда (2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872).

Мемлекеттік органдар заңнамалық актілерге нормалардың заңнамалық жағынан артық (шамадан тыс) регламенттелуі тұрғысынан ревизия шеңберінде ауқымды кешенді жұмыстар жүргізді, нәтижесінде тиісті өзгерістер мен заң жобалары әзірленді.

Бұған дейін Президент Әкімшілігі (бұдан әрі - ПӘ) Басшысының
2022 жылғы 27 желтоқсандағы қарарымен тармақты іске асыру мерзімі
2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын. Осы тармақ бойынша ақпарат ПӘ-не ағымдағы жылдың 29 қарашасында енгізілді.

Тапсырмалардың қайталануын болдырмау мақсатында Әділет министрлігі (бұдан әрі - Әділетмині) Жарлықты іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 32-тармағын орындау шеңберінде 6-тармақты бақылаудан алу және есептік ақпарат беру туралы Үкімет Аппаратына (бұдан әрі - ҮА) хат жолдады (2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1-1-3-/9276-И).

Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес (2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 64-14.8 ПАБ-4) Жарлықты іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 32-тармағын орындау мерзімі 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Тапсырманы орындауды сапалы аяқтау қажеттігін ескере отырып, заңнаманы тексеру жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру бұрын ұсынылған Жоспар-кестенің мерзімдеріне сәйкес жалғастырылатын болады, сондай-ақ тапсырма Үкіметтің бақылауына берілді (ПӘ-нің 2023 жылғы
8 желтоқсандағы № 64-14.8 ПАБ-6, ҮА-ның 2023 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 13-13/01-92-38//872 тапсырмалары).

Премьер-Министрдің Орынбасары–ҮА-ның Басшысы Ғ.Т.Қойшыбаевтың қарарына сәйкес (2024 жылғы 5 шілдедегі № 13-13/01-92//872 п.13) 2024 жылғы 27 тамызда Әділетмині (№1-1-3-/кД-450,4) тиісті ақпарат жолдады.

75-тармақпен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік, қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді біріздендіру және теңестіру мәселесін пысықтау көзделген (орындау мерзімі - 2022 жылғы желтоқсан, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ақпарат, орындаушылар - БП (келісу бойынша), ІІМ, Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар).

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін тарату үшін қаржы ресурстарының қажеттілігі туралы есептеулер дайындалып, Қаржы министрлігіне жіберілді.

ПӘБ қарарымен жұмысты жалғастыру және 2024 жылғы 12 желтоқсанға дейін хабарлау тапсырылды (2024 жылғы 18 шілдедегі №24-209-2).

2023 жылы 29 тармақты (7, 8, 14, 17, 20, 23, 24, 25, 43, 49, 50, 52, 53, 54, 56, 67, 69, 70, 72, 77, 78, 79, 84, 85, 90, 91, 92, 97, 102 тармақтар) орындау көзделген, олардың ішінде 21 тармақ орындалды, орындауда - 8 тармақ (23, 49, 70, 72, 79; 69 және
 84-тармақтар бойынша ақпарат ұсынудың қосымша мерзімдері белгіленді; 90 – тармақ бойынша ҮА-на ақпарат ұсынылмаған, Әділетминіне енгізілген)
.

23-тармақпен қазақстандық құқық жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық заңнамада шетелдік және халықаралық жеке құқықтың үздік үлгілерін қабылдау жөніндегі одан арғы жұмысты қамтамасыз ету көзделген (орындау мерзімі - 2023 жылғы мамыр, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ақпарат, орындаушылар - Әділетмині, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар).

Тармақтың орындалуы туралы ақпарат Президент Әкімшілігіне уақтылы жіберілді (2023 жылғы 29 мамыр № 1 -1-23/23).

Президент Әкімшілігі Басшысының қарарымен (2023 жылғы
6 маусымдағы № 23-2871-1) Әділет министрлігі ұсынған 2024-2025 жылдары реттеудің «барабарлығы» тұрғысынан азаматтық заңнамаға терең талдау жүргізу қажеттілігі туралы тәсіл келісілді.

Президент Әкімшілігі Басшысының  қарарына (2023 жылғы
6 маусымдағы № 23-2871-1) сәйкес, азаматтық заңнаманы 2025 жылдың соңына дейін жаңғырту тұрғысынан одан әрі талдау бойынша жоспарланған жұмысқа байланысты жұмысты жалғастыру және тармақты орындаудың жаңа мерзімі – 2025 жылғы желтоқсан белгілеу тапсырылды.

49-тармақпен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды ынталандыруға, оның ішінде: Қазақстан аумағындағы шығарындыларды мониторингтеу және бақылау процесінде автоматтандыру және цифрландыру жүйелерін енгізуге, экология саласындағы процесті оңтайландыру бойынша есептерді ұсынуға (оларды әртүрлі салаларда қайталаудан бас тартуды ескере отырып) бағытталған кешенді тәсілдерді пысықтау көзделген (орындау мерзімі - 2023 жылғы наурыз, аяқталу нысаны – Үкімет Аппаратына ақпарат, орындаушылар - ЭТРМ, мүдделі мемлекеттік органдар).

2023 жылғы 22 желтоқсанда ЭТРМ ҮА-на тиісті ақпарат енгізді (№01-28/Д-1388 49-тармақ). ҮА-ның тапсырмасы бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

2024 жылғы 1 наурызда № 11-15/02-363 49-тармақ бойынша ақпарат
ҮА-на жіберілді. Премьер-Министрдің Орынбасары–Үкімет Аппаратының Басшысы Ғ.Т. Қойшыбаевтың 2024 жылғы 1 наурыздағы №11-02/02-363 (49-т) қарарымен жұмысты жалғастыру тапсырылды. Ақпарат беру мерзімі-2024 жылғы 30 қараша.

69-тармақпен сотталғандардың мінез-құлқын тиімді бақылауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен бейнетіркеу құралдарын бір мезгілде енгізе отырып, сотталғандарды ұстаудың камералық түріне одан әрі көшу көзделген (орындау мерзімі - 2023 жылғы наурыз, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ақпарат, орындаушылар - ІІМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині).

2023 жылғы 26 сәуірде ІІМ осы тармақ бойынша тиісті ақпаратты ПӘ-не жолдады (№1-30-30-8-4-242/892-И).

2023 жылғы 13 маусымдағы ПӘ қарарымен осы тармақты орындалуда қалдыру, Тұжырымдама аяқталған уақытқа дейін жарты жылдық негізде, маусым және желтоқсан айларында  хабарландыру тапсырылды.

Анықтама ретінде: 2 хат - 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №1-30-30-8-4-242/2024//23-2344-1: ПӘ 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №23-2344-2 қарарымен жұмысты жалғастырып, белгіленген мерзімде баяндау тапсырылды (№ 23-2344-2).

3 хат - 2024 жылғы 24 маусымдағы № 1-30-30-8-3-226/4477//23-2344-2: ПӘ
2024 жылғы 26 маусымдағы қарарырмен назарға алынды, жұмысты жалғастыру тапсырылды (№24-31 (23-2344).

70-тармақпен пробацияның түрме қызметінен дербестігін қамтамасыз ету және қаржыландырудың жеке нысаналы кіші бағдарламасын бөлу арқылы пробация қызметінің және оның қызметкерлерінің ұйымдық-құқықтық мәртебесін арттыру мәселесін пысықтау көзделген (орындау мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан, аяқталу нысаны – Үкімет Аппаратына ақпарат, орындаушылар - ІІМ).

2023 жылғы 4 желтоқсанда ІІМ ҮА-на тиісті ақпарат жолдады (№1-30-30-14-320/2684//13-13/02-363-2 п.70).

2023 жылғы 4 желтоқсанда Премьер-Министрдің орынбасары–ҮА-ның басшысы Ғ.Т. Қойшыбаевтың қарарымен мемлекеттік органдармен бірлесіп белгіленген тәртіппен (№ 20-13/02-363-3) жұмысты жалғастыру тапсырылды. Ақпарат беру мерзімі - 2024 жылғы 1 шілде.

Ақпарат ҮА-на 2024 жылғы 24 маусымда № 1-30-30-14-300/4252//20-13/02-363-3 п. 70. жіберілді.

  Мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымының болмауын, сондай-ақ пробация қызметін қаржыландыруды жергілікті бюджетке беру мәселесін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қарауды ескере отырып, 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жұмысты жалғастыру ұсынылады (Жоспардың 4.7-тармағы, аяқталу мерзімі 2026 жылғы 2-жартыжылдық, Үкіметтң 29.12.2023 ж. №1233 қаулысы).

ҮА-мен белгіленген тәртіппен тиісті жұмысты жалғастырып, нәтижелері бойынша хабардар ету тапсырылды. Ақпарат беру мерзімі – 2025 жылғы  1 қаңтар (№ 20-14/02-363-364 п.70).

72-тармақпен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс, деректерді өңдеу, цифрлық активтер, өнеркәсіпті автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздік, машинамен оқу және жасанды интеллект, дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау саласындағы аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын кодтау көзделген (орындау мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ұсыныстар, орындаушылар - ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар).

2023 жылғы 25 желтоқсанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ПӘ-не тапсырманы орындау тәртібімен және бақылаудан алу үшін ақпаратты жіберді (№01-1-10/Д-1712//264).

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Президенттің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығының 70-тармағының 1) тармақшасы негізінде мазмұны бойынша тапсырма орындалды деп танылды, бірақ мәселе оның түпкілікті нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау, ұсынылған жаңа тәсілдерді енгізу үшін бақылауда қалды, тапсырманы орындаудың жаңа мерзімі
2025 жылдың маусым айының соңына дейін белгіленді.

79-тармақпен халықпен пәрменді кері байланысты қамтамасыз ететін құқық қорғау қызметі сапасының аудиті жүйесін олардың жұмысының тиімділігін бағалау тұрғысынан қайта қарау көзделген (орындау мерзімі -
 2023 жылғы желтоқсан, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ақпарат, орындаушылар - БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар)
.

2023 жылғы 25 желтоқсанда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ПӘ-ге жіберілді. ПӘБ қарарымен жұмысты жалғастыру және 2024 жылғы 1 шілдеге дейін хабарлау тапсырылды (2024 жылғы 5 қаңтардағы №24-52-12.4 (23-582)) Мүдделі органдардың ұстанымдары қайта пысықталып, 2024 жылғы
28 маусымда ПӘ тиісті ақпарат (№2-012500-24-52005) жолданды.

ПӘ құқық қорғау қызметін бағалаудың ұсынылған тәсілдері мақұлданды. Сондай-ақ а.ж. 17 қарашаға дейін бағалау жүргізетін мемлекеттік органды айқындау туралы мәселені, оны бекіту актісінің нысанын (2024 жылғы 16 шілдедегі №24-52-12. 4 (23-5822)-3 ПАБ) пысықтау тапсырылды.

84-тармақпен мемлекеттік және жеке секторлардың сот-сараптама қызметтері нарығында теңгерімді бөлу, материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрі нығайту, сондай-ақ сараптамаларды жүргізу кезінде инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы сот-сараптама қызметін дамыту көзделген (орындау мерзімі - 2023 жылғы наурыз, 2025 жылғы наурыз, аяқталу нысаны – Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, Үкімет Аппаратына ақпарат, орындаушылар - Әділетмині, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша)).

Бұл тармақ Парламент Мәжілісі депутаттарының тобы бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде іске асырылады, ол халықаралық нормалар мен қағидаттарға сәйкес сот-сараптама қызметінің саласын дамытуды және жетілдіруді, мемлекеттік баламалар ретінде жеке сараптама қызметінің тиімді жүйесін құруды және сот-құқықтық жүйенің сот-сараптама қызметінің жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.

Алайда, заң жобасының бастамашысы осы заң жобасын кері қайтарып алды, өйткені ол тұжырымдамалық қайта қарауды талап етеді (2023 жылғы
 23 қазандағы Парламент Сенатының депутаты С. Макежанов кері қайтарып алды)
.

Осы тармақ бойынша Үкімет аппаратына қорытынды ақпаратты енгізу мерзімі - 2025 жылғы наурыз айы.

90-тармақпен төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік басқарудың қолданыстағы тетіктерін пысықтау көзделген (орындау мерзімі - 2023 жылғы наурыз, аяқталу нысаны – Үкімет Аппаратына ақпарат, орындаушылар ҰЭМ, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, Қорғанысмині, мүдделі мемлекеттік органдар).

ҰЭМ ҮА-на ақпарат ұсынылмаған. 2023 жылғы 27 наурызда ҰЭМ осы тармақ бойынша ақпаратты Әділетминіне жолдаған (№ 06-15/Д-3638//264 п.90).

ҰЭМ осы тармақ бойынша ақпаратты ҮА-на енгізу қажет.

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығымен (бұдан әрі – жарлық) халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе туғызуы мүмкін дағдарысты жағдайлар кезеңіне арналған мемлекеттік басқарудың жұмыс істеуінің жеке тетігі айқындалған.

Жарлықты іске асыру үшін 2020 жылғы 16 мамырда төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік органдардың қызметінде жедел шешімдер қабылдауға ықпал ететін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

Мәселен, «Төтенше жағдай туралы» Заңның 15-бабының 2-тармағында төтенше жағдай енгізу кезеңінде және осыған байланысты туындаған дағдарыс жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңнама іс-қимылдарының ерекшелігін белгілеуді көздейтін тиісті актілерді қабылдау үшін Президенттің өкілеттігі белгіленген.

Бұл ретте, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 46-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы «Төтенше жағдай туралы» Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда және тәртібімен тоқтатыла тұруы мүмкін.

Бұдан басқа, шұғыл шаралар қабылдаудағы жеделдік пен икемділік мақсатында 2022 жылғы 5 қарашада «Құқықтық актілер туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттері мен функциялары (іске асыру, ұйымдастыру және т.б.) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қолданыстағы заңнама төтенше жағдай кезінде мемлекеттік басқарудың тиісті тетіктерін регламенттейді.

 

2024 жылы 28 тармақты (9, 10, 11, 12, 13, 15, 16.3, 26-32, 44, 46, 51, 57-59, 60, 65, 73, 80, 81, 86, 93, 103 тармақтар) орындау көзделген:

1. Бірінші жартыжылдықта 11 тармақ (9, 10, 11, 15, 44, 46, 65, 73, 86, 93, 103 тармақтар) көзделген, оның 7-і орындалды (9, 11, 46, 65, 73, 86, 93 тармақтар), 3 - орындауда (10, 15, 44 тармақтар), 1-тармақ бойынша (103-тармақ) ақпарат Әділетминіне енгізілді, ҮА-на ұсынылмаған.

2. Екінші жартыжылдықта 17 тармақты (12, 13, 16.3, 26-32, 51, 57, 58, 59, 60, 80, 81 тармақтар) орындау көзделген, оның ішінде орындалды - 2, 15 тармақ бойынша орындау мерзімі 2023 жылғы қыркүйек, қараша, желтоқсан, олардың орындалысы бойынша тиісті ақпарат көрсетілген мерзімде енгізіледі (13, 16.3, 26-32, 51, 58, 59, 60, 80, 81 тармақтар).

10-тармақпен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қазақ тілінде әзірлеп, оларды орыс тіліне аударуды қамтамасыз ету міндетін кезең-кезеңімен заңнамалық бекіту мүмкіндігін пысықтау көзделген (орындау мерзімі - 2024 жылғы наурыз, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ұсыныстар, орындаушылар - Әділетмині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар).

Әділет миністрлігі тиісті ұсыныстар әзірлеп, 2024 жылғы 29 наурызда ПӘ-не жолдады (№ 1-1-8-/10).

Әділет миністрлігі терминологиялық сөздікке ресми мәртебе беру және оларды нормашығармашылық процесінде қолданудың міндеттілігі; ҒЖБМ жанындағы осы мақсаттар үшін арнайы құрылған мамандар (заңгерлер, ғалымдар) пулымен қазақ тілінде заң жобаларын әзірлеу; нақты ұсыныстар әзірлей отырып, заңнамадағы терминдердің айырмашылығын көрсететін жәрдемақы дайындау бөлігінде тәсілдерді ұсынды.

Премьер-Министрдің Орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы
Ғ.Т. Қойшыбаевтың 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 13-13/1764//24-1771-1 қарарына сәйкес  осы тармақты іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру және
2026 жылдың наурыз айының соңына дейін 2025 жылдың наурыз айынан кешіктірмей атқарылған жұмыс туралы аралық ақпаратпен ПӘ-не тиісті ұсыныстар енгізу тапсырылды.

15-тармақпен конституциялық меншік құқығын қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу көзделген (орындау мерзімі - 2024 жылғы наурыз, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ұсыныстар, орындаушылар - Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар).

Әділетмині ПӘ-не азаматтық заңнама саласындағы жоспарланып отырған зерттеулерге байланысты іс-шараның орындалу мерзімін ұзарту ұсынысымен тиісті ақпарат енгізді (Әділетминінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 1-1-3-/15 хаты).

ПӘ бұл ұсынысты қолдады (ПӘБ–тің 2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 24-1758-1 қарары), орындаудың жаңа мерзімі белгіленді - 2027 жылғы желтоқсан, жыл сайын 15 желтоқсанға дейін зерттеулер жүргізу барысы туралы аралық ақпарат ұсыныла отырып.

44-тармақпен қаржы нарығында Open API енгізу тәсілдерін анықтау көзделген (орындау мерзімі - 2024 жылғы ақпан, аяқталу нысаны – Президент Әкімшілігіне ұсыныстар, орындаушылар - ҚНРДА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар).

2024 жылғы 9 ақпанда іс-шараның орындалуы туралы ақпарат ПӘ-не жіберілді (№ 13-2-07/1046). Президент Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы
11 ақпандағы №24-927 тапсырмасына сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі іс-шараның орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын жібереді.

Жоғарыда көрсетілген тапсырманы орындау үшін ақпарат ПӘ-не
2024 жылғы 11 сәуірдегі №13-2-07/16275 және 2024 жылғы 17 шілдедегі
№13-2-07/32769 хаттармен жіберілді.

103-тармақпен азаматтық секторды кеңінен тарта отырып және уәкілетті орган тарапынан тиісті жағдайлар жасай отырып, жергілікті жерлерде мемлекеттік бастамаларды танымал ету (орындау мерзімі - 2024 жылғы ақпан, аяқталу нысаны – Үкімет Аппаратына ақпарат, орындаушылар - МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар).

МАМ ҮА-на ақпарат ұсынылмаған. 2024 жылғы 6 наурызда МАМ осы тармақ бойынша ақпаратты Әділетминіне жолдаған (№ 05-24/1083). МАМ аталған тармақты орындау үшін 2022-2023 жылдар аралығында бірқатар жұмыстар атқарды.

МАМ осы тармақ бойынша ақпаратты ҮА-на енгізу қажет.

Азаматтық қоғам саласын реттейтін және азаматтық қоғам институттарын дамытуға ықпал ететін 2023 жылы «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы қабылданды, сонымен қатар бірқатар заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Аталған заңнамалық жаңалықтар азаматтық институттардың және белсенділердің мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттауға және оның тиімді жүзеге асырылуына ықпал тигізді.

МАМ еліміздегі белсенді ҮЕҰ-мен бірлесіп, БАҚ арқылы және халықпен тікелей кездесулер кезінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның талаптары мен ережелерін жан-жақты түсіндірді, сонымен бірге қажетті әлеуметтік жобаларды қаржыландырды.

Жергілікті жерлерде мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру үшін Министрлік тарапынан волонтерлік ұйымдар мен волонтерлер тартылады.

Сонымен қоса МАМ бірнеше диалог алаңдарын мемлекеттік бастамаларды халыққа түсіндіру үшін тиімді пайдаланады (Ұлттық құрылтай, Азаматтық форум, Үйлестіру кеңесі, «SARAP» клубы және т.б.).

Іс-қимыл жоспарында сондай-ақ орындалуы туралы ақпарат жыл сайын ҮА-на мен ПӘ-не енгізілетін 4 тармақ қарастырылған (4, 76, 99, 101-тармақтар).

Анықтама ретінде: Іс-шаралар жоспарының 38 тармағы бойынша іске асыру мерзімдері 2025-2030 жж.

Әділет министрлігі ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және Тұжырымдаманың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізеді және ол бойынша ақпарат жыл сайын тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

Әділет министрлігі Іс-қимыл жоспарының бақылаудан алынбаған, нақты орындалуы жалғасып жатқан тармақтарының мониторингі бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Дата публикации
12 декабря 2024