№ 888 от 24.10.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Серикбай Амантаевич Досимбековке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы
04 тамызда берілген № 0003063 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.А.Досимбековтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус С.А.Досимбековтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.А.Досимбековтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №-1/38901-вн ұсынысы, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 22 қаңтардағы үкімі, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 17 шілдедегі қаулысы.
Вице-министр Б.Жакселекова