№ 890 от 29.10.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Инга Алибабаевна Канапьяноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы
11 мамырда берілген № 23010754 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус И.А. Канапьянованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус И.А. Канапьянованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры А.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы
9 қазандағы № 01-1/40551-вн ұсынысы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі ұйғарымы.
Вице-министр Б. Жақселекова