№ 897 от 29.10.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ляйла Амитовна Жумагуловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы
19 қаңтарда берілген № 22000692 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.А.Жумагулованың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Л.А.Жумагулованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.А.Жумагулованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №2-1/38945-вн ұсынысы, Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысы.
Вице-министр Б.Жакселекова