№ 900 от 29.10.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43 бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың 07 желтоқсанында Гульмира Сагантаевна Сагандыковаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 18022018 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Г.С. Сагандыкованың, Астана қаласының адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы адвокаттар алқасының 11.10.2024 жылғы № 603/24 өтінішхаты, адвокат Г.С. Сагандыкованың арызы.
Вице-министр Б. Жакселекова