№ 898 от 29.10.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Бибигуль Абеновна Алимкуловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылғы 10 тамызда берілген № 0000188 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус Б.А. Алимкулованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.А. Алимкулованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 21.10.2024 жылғы № 01-1/42162-вн ұсынысы, қайтыс болу туралы куәлігі 2024 жылғы 14.02.2024 жылғы № 20-778-24-0000203.
Вице-министр Б. Жакселекова